10
Паразиттер
олардың арасындағы қарым – қатынасы өте тығыз байланыста. Олардың
өмірлік құбылыстар негізін зат алмасу құрайды, ол организмнің торшалар мен
ұлпаларда бір – бірімен байланысып өтетін – ассимиляция (сіңіру) және
диссимиляция (ыдырату) екі процесстен тұрады.
Барлық тірі организмдер қоректену түріне байланысты екі үлкең топқа
бөлінеді: 1) органикалық емес заттардан фито – және хемосинтездейтін
организмдер; 2) бірінші топ организмдер
дайындап берген органикалық
заттармен коректенетін организмдер;
Екінші топтың тірі түрлерін қоректену түріне қарай сапрофиттерге,
жыртқыштарға және паразиттерге бөледі.
Сапрофиттер ыдыраған ұлпалар мен мүшелердің азық қалдықтарымен
қоректенеді.
Жыртқыштар ең біріншіден, өз жемтігін аулайды (кейбір кезде осыны
басқа жануарлар істейді), содан кейін жейді,
немесе өлген организмдердің
ұлпаларымен және сөлдерімен қоректенеді.
Паразит (грек сөзінен аударғанда «para» – маңында, қасында, «sitos» -
қоректену) деп тiрi жануарлардың денесiнде әр түрлi ауру туғызатын бiр
торшалы, немесе көп торшалы организмдердi айтады.
Осы паразиттердiң жан-жақты өздерiн және (жануарда, адамда, өсімдікте)
солармен тудыратын ауруларын, және емiн, тағы да алдын-алу шараларын
зерттейтiн ғылымды паразитология деп атайды.
Паразитизм – бұл бiрiншi (паразит) екiншiнi (иенi) мекең ететін орта және
қоректену көзi түрінде пайдаланатын, әрi екеуде
бiр-бiрiмен антагонистiк
қатысу орынында тұратын генетикалық әр тектi организмдердiң тарихи
жиналған ассоциациясы.
Жануарға қатысты болған паразиттердi зоопаразиттер деп атайды, ал
тудыратын ауруларын – инвазиялық, немесе паразитарлық, ал өсiмдiк
Сапрофиттер
Жыртқыштар
Гетеротрофтар
11
паразиттермен – фитопаразиттермен
туындаған ауруларды жұқпалы, немесе
инфекциялық деп айтады. Мысалы, сiбiр жарасының қоздырушысы – сiбiр
таяқшасы (B. anthracis) өсiмдiктер кұрамында болғандығынан инфекциялық
ауруларға жатқызылады, ал кокцидиоз – инвазия, себебі кокцидийлар
қарапайым түрiне жатады, сондықтан инвазиялық ауруларға жатады. Осылай,
ауруларды жұқпалы және инвазиялық жiктелуi
негiзiнен қоздырушысының
қандай жануар немесе өсімдік патшалығына тән болуына байланысты.
Паразитология ғылымы ауруды қоздыратын қоздырғышына қарай: жалпы
паразитология, гельминтология, протозоология, арахнология және энтомология
деген үлкең бөлiмдерге бөлінедi.
Гельминтология – паразиттiк құрттарды және солармен тудыратын
ауруларды зерттейдi.
Протозоология ғылымы болса қарапайым, бiр торшалы жәндiктердiң
тiршiлiк ететiн ортасын, малға келтiретiн алуан түрлi зиянын, балауын, емдеу
және күресу шараларын зерттейдi.
Ал арахно-энтомология кене мен
жәндiктердiн мал шаруашылығына,
адамға тигiзетiн көптеген залалын зерттейдi.
Қоздырушылардың
тiршiлiк
ететiн
объектiсіне
байланысты
паразитологияны
ветеринариялық,
медициналық
және
агрономиялық
бөлiмдерге бөледi.
Ветеринариялық паразитология зоопаразитологияға жатады; биологиялық
пән сияқты ол зоологиямен тығыз байланысты. Инвазиялық ауруларға дұрыс
балау қою үшiн паразиттердiң морфологиясы мен жiктелуiн бiлу керек, ал
биология және экология бойынша зерттеулер алдын-алу шараларын өткiзу үшiн
негiз болып саналады. Одан басқа, паразитология, биохимия,
физиология,
фармакология, иммунология, патологиялық анатомия, эпизоотология, жұқпалы
Достарыңызбен бөлісу: