К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Қоздырғышының даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет79/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
Қоздырғышының даму биологиясы. Дамуы аралық иесіз өтеді. 
Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар құрылып 
піседі. Жұмыртқаларға толған аналықтар нәжіспен бірге клиникалыққа 
шығады, жартсы жерге түседі де жұмыртқаларың нәжістің үстіне салады, ал 
жартсы құйрық астының кілегей қабаты қыртыстарында үсталып қалады. 
Перианальді қыртыстар арасында жұмыртқаларың салады. Жұмыртқаларын 
салып болғасын аналықтар өліп қалады. 2 – 3 күн өткесін олардың ішінде 
дернәсілдер дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің үстіндегі 
аналықтары 1 - 2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды. Жылқылар 
оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады. Ішекке түскең 
жұмыртқалардан дернәсілдер шығады, 3 – 4 апта өткесін толық жынысты 
паразиттерге жетеді. 
Эпизоотологиялық деректері. Оксиурозбен көбісіне бір жасқа толмаған 
құлыншақтар және кәрі жылқылар аурады. Дымқыл, лайлы қоралар, толық емес 
азықтандыру оксиурозды таратуға жол береді. Жиі жылқылар азықты жерден 
жегенде тез зақымдалады, ауру жылқылардың саны қыс – көктем мерзімінде 
(қараша айынан бастап мамыр айына дейін) жиі білінеді. 
Патогенезі. Ішектің жуан бөлімінде оксиуристардың көп саны жиналып 
кілегей қабатың жарақаттайды, токсиндерді бөледі. Сондықтан, ішекте 
катаральді қабыну дамиды. Перианальді қыртыстар аумағында аналықтар және 
олармен бөлінген жұмыртқалар қышыма тұдырады. Сол нәтиже арқылы 
құйрық аумағында дерматиттер пайда болады. 
Балауды клиникалық белгiлерi және перианальді қыртыстарынан 
қырынды алып қояды.
Емi. Оксиуроз кезінде эффективті препарат пиперазиннін тұздары: 
адипинат, фосфат немесе сульфат. Препаратты дымқыл жемғе көсып береді
дозасы 0,1 г/кг, екі рет, интервал бір тәулік. 
Шетелдің эффективті препараты: 20 % -тық тетрамизол грануляты, 10% - 
тық мебенвет грануляты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет