Экологиялық дағдарыс (тӛтенше экологиялық жағдай) – экологический кризис (чрезвычайная экологическая си- туация). Қоршаған ортадағы тұрақты қолайсыз экологиялық ӛз-
герістер және бұл адам денсаулығына ӛте қауіпті.
Экологиялық қатер – экологический риск.Табиғи шар-
уашылық және басқа іс-әрекеттердің әсерінен туындаған қорша-
ған ортадағы қатерлі ӛзгерістер мен уақиғалардың пайда болуы.
Экожҥйелердің экологиялық қолайлылығы, жайлылы- ғы – экологическое благополучие экосистемы. Экожүйелер-
дің негізгі бӛліктерінің қайта қалпына келу мүмкіндігі.
Экология – экология. Тірі организмдердің (даралар, түр,
популяциялар, биоценоз, биогеоценоз) арасында болатын қа-
рым-қатынастарды қоршаған ортамен байланыстыра зерттеу-
мен қатар табиғаттағы ӛзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заң-
дылықтарды, биосфера ішіндегі ғаламдық ауытқуларды адам-
ның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылым-
дар жиынтығы.
Экожҥйе(экологиялық жүйе)– экосистема(экологическая система). Биологиялық түрлердегі организмдердің және қорша-
ған ортадағы абиотикалық факторлардың тығыз байланысы, осы
бірлестікке тән заттар және энергия айналымы болатын жүйені
экожҥйе деп атайды. Экожүйе терминін ағылшын экологі
А.Тенсли (1935 ж.) ұсынған.
Экотондар – экотоны. Қауымдастықтар арасындағы ауыс-
палы аймақ (зона).
Эксплеренттер (толықтырушылар) – эксплеренты (на-
полняющие). Негізгі қауымдастықтар бұзылған жағдайда, яғни,
ормандарды қырқып алғаннан кейін немесе ӛрттен кейін жыл-
дам ӛсіп толықтыратын ӛсімдік – бұл кӛк терек (осина).
Эндемиктер – эндемики. Үлкен емес, кішкентай аумақта,
территорияда ӛмір сүретін ӛсімдіктер және жануарлар (мұндай-
лар мұхиттарда пайда болған аралдарда, таулы жерлерде, бӛлек-
109
тенген су қоймаларында, мысалы, Арал, Балқаш, Байкал теңізде-
рінде тіршілік етеді).