Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет59/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98
 
10-тапсырмаЖануарлар туралы берілген қызықты мәліметтерді пайда-
ланып, олардың біреуі туралы көрген кинофильм, оқыған кітаптарыңнан 
үзінді келтіре отырып, кестенің екінші бағанын толықтырып айт. Сөйлем 
мүшелеріне талдап, астын сыз.
Піл – төрт тізесі бар жалғыз жануар.
Өркешінің қисықтығына қарамас-
тан, түйенің омыртқасы түзу келеді.
Дельфиндер бір көзін ашып ұйық-
тайды.
Түйеқұстың жұмыртқасын суда пісі-
руге 40 минут уақыт кетеді. 
Ақ аюлар сағатына 40 шақырым 
жылдамдықпен жүгіре алады. 
 
11-тапсырма. Сұраққа жауап бер. Жауабыңды дәйектеп жаз. Ұсыныс-
тарыңды дәлелде
Сөйлем мүшелерін ата.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. 
Сол Заңның 38-бабында «Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның 
міндеті» делінген. Сен өз міндетіңді қалай атқарып жүрсің? 
  
12-тапсырма. Сабақтан алған әсеріңді, ойыңды жаз.
1. Не ұнады?
2. Не ұнамады?
3. Нені өзгерткің келеді?
4. Саған не қиын болды?
5. Саған ең пайдалысы не болды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


79
1–2-сабақ
ОТАН! ТАБИҒАТ! ЖЕР-АНА!
 
1-тапсырма. Отан, туған жер туралы ой бөлісіңдер.
 Неліктен отансүйгіштік қасиет басты құндылығымыз болып сана-
лады?
 Туған жерің туралы не айта аласың?
 «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген мақалдың астарында 
қандай ой жатыр?
 
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Отан, туған жер туралы пікірлеріңді 
бөлісіңдер.
Отан!
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті түнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, 
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, 
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол, шырылдаған!
Отан! Отан! 
Бәрінен биік екен. 
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. 
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
(Мұқағали Мақатаев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет