Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет72/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98
 
7-тапсырма. Төменде көрсетілген бала құқықтарының қай заңнамалық 
құжатта, қай бапта айтылғанын іздеп тауып, осы баптарға сәйкес деректі, 
дәйекті эссе жаз
.
• Әр баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар. 
• Әр бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, ұлты, тегі және 
азаматтығы болуына құқылы. 
• Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостан ды ғына, қадір-
қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар. 
• Баланың сөз және ар-ұждан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық 
өмірге араласуына құқығы бар.
• Әр баланың білім алуға құқығы бар. 
 
8-тапсырма. Мәтінді қосымша мәліметтермен толықтырыңдар. Нәти жесін 
(кесте, сызба, диаграмма, сурет, ойын, ди дак тикалық ойын, тренинг және 
т.б.) қорытынды түрінде жинақтаңдар. 3-кезеңде әр топ өз жұмыстарыңды 
қорғаңдар.
 
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және 
қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерек-
Баланың 
құқығы
Өмір 
сүру
Денсаулық
сақтау
Әлеуметтік
қорғалу құқығы
Білім
алу
Отбасында 
өмір сүру
Әркімнің 
жеке өміріне 
қол сұғылмау 
құқығы
Демалу
Жекебас
бостан-
дығы
Жеке-
меншік 
құқығы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


96
шелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа 
тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды 
жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді
айналасына жағымсыз пікір туғызады. Біздің елімізде адам құқықтары 
Ата Заңымызда – Қазақстан Республикасының Конституциясында 
жазылған. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі – 30-
бабы – құқыққа арналған. Ата Заңның 1-бабының 1-тармағында 
«Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, 
құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, за-
йырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты» де-
ген. Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш. Монтескье, И. Кант,
Т. Джефферсон сияқты oйшылдар адам құқығының не гізгі ережелерін 
алғаш рет анықтап, белгілеген.
Ойшылдарымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Абай адам 
құқығы мен бостандығын қор ғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін 
оның өмірін, денсау лығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата 
Заңы қорғайды. 
(Баспасөз материалдарынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет