Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Ақшаға алыпсатарлық сұраныс



Pdf көрінісі
бет102/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   309
Макроэкономика

Ақшаға алыпсатарлық сұраныс пайыздық қойылымға тə-
уелді жəне оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады 
(6.1 ə-сурет).
Кейнс теориясы бойынша ақшаға жиынтық сұраныс екі өзгер-
мелі функцияны көрсетеді:
а) табыс;
ə) пайыздық қойылым.
M
d
= M (Y, r)
6.1-сурет. Ақшаға деген трансакциондық жəне алыпсатарлық сұраныс
Сонымен, екі теорияны қорыта келе, ақшаға деген сұранысқа 
əсер ететін мынадай факторларды атап көрсетуге болады:
1) табыс деңгейі;
2) пайыздық қойылым;
3) ақша айналымының жылдамдығы.
Классикалық теория ақшаға сұранысты нақты табыспен бай-
ланыстырса, кейнстік теория ақшаға сұраныстың негізгі факторы 
ретінде пайыздық қойылымды алға тартады.
Баумоль-Тобин үлгісі.
1
Баумоль-Тобин үлгісі – бұл адамдардың өздеріне қажетті 

Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008., 
141-144 с.


149
қолма-қол ақша сомаларының мөлшерін осы сомаға банктің 
алынбаған пайызы түріндегі шығындары мен банкке барып келу 
уақытын үнемдеуді бағалаумен болатын шығындарды салысты-
румен байланысты ақшаға сұраныстың ерекше үлгісі.
Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның трансакциондық 
жəне альтернативтік шығындарын ескере отырып, нақты кас-
салық қалдықтардың оңтайлы мөлшерін қалай анықтауға бола-
тындығын түсіндіреді. Бұл үлгіні АҚШ экономистері Уильям 
Баумоль (1922 жылы туылған) мен Джеймс Тобин (1918-2002, 
Нобель сыйлығының лауреаты) өзара тəуелсіз ұсынды.
Баумоль-Тобин үлгісі қолма-қол ақшаның артықшылықта-
ры мен кемшіліктерін талдайды. Негізгі артықшылығы: егер 
индивид тауар сатып алуға қажетті ақшасын қолында ұстаса, 
онда банкке барудың қажеті жоқ. Негізгі кемшілігі: егер индивид 
мəміле жасау үшін ақшасын қолында ұстаса, онда ол сол ақшаны 
банкке депозитке салып, оның үстінен пайыз алу мүмкіндігінен 
айырылады. Баумоль-Тобин үлгісін нақты түсіндіру үшін мына-
дай үш жағдай қарастырылады (6.2-6.4-суреттер).
Бірінші жағдай. 6.2-суретте индивидтің банкке 1 рет ба-
руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында өзінің 
ақшасын (Y теңге) жинақ шотынан бір-ақ рет шешеді жəне оны 
жыл бойы жұмсайды. Жылдың басында оның ақшасы – Y теңге, 
жылдың соңында – 0 теңгеге тең, онда жыл бойындағы ақшаның 
орташа сомасы мынадай: Y/2.
Екінші жағдай. 6.3-суретте индивидтің жылына банкке 2 рет 
баруындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың басында Y/2-ге 
тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жылдың бірінші жар-
тысында жұмсайды, содан кейін сондай соманы тағы бір рет ба-
рып шешіп алады да оны жылдың екінші жартысында жұмсайды. 
Мұндай жағдайда, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша 
сомасының мөлшері Y/2-ден 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сома-
сы Y/4-ке тең болады.
Үшінші жағдай. 6.4-суретте индивидтің банке N рет ба-
руындағы жағдайы көрсетілген. Ол жылдың əр уақытында 
Y/N-ге тең ақша сомасын шоттан шешеді жəне оны жыл бойы 
1/N кезеңдерде тең бөліктерге бөліп жұмсайды. Мұндай жағдай-
да, жыл бойындағы индивидтің қолындағы ақша сомасының 
мөлшері Y/N-нен 0-ге дейін өзгереді, ал орташа сомасы Y/2N-ге 
тең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет