Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет160/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   309
Макроэкономика

Монетарлық емес себептер:
- экономикадағы диспропорциялар;
- əскери-өнеркəсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның 
бөлінуі;
- тым күшті импорттық тəуелділікте болу кезінде экспорттық 
сектордың əлсіз дамуы;
- ЖІӨ көлемінің құлдырауы;


228
- халықтың инфляциялық күтулері.
Монетарлық себептер: 
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы; 
- ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына əсері. Ор-
талық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша мас-
сасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілеттілігі бар 
сұраныстың артуын білдіреді. Нəтижесінде игіліктерге жалпы 
баға деңгейі өседі; 
- ақша айналымы жылдамдығының артуы.
Инфляцияның əртүрлі жіктелу критерийлеріне байланыс-
ты көптеген түрлерін ажыратуға болады:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», ин-
фляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланыс-
ты, инфляция айқын (ашық) жəне басылған-бүркемелен- 
ген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесі-
нің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, 
ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. 
Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық 
инфляцияның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:
π = Р – Р
-1
 / Р
-1
 × 100%.
мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі
Р
-1
– өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.
2. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттықай-
мақтық жəне əлемдік болып бөлінеді. Ұлттық жəне аймақтық 
масштабта талдау объектісін көтерме жəне бөлшек сауда ба-
ғаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің 
дəрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы 
құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет