Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


фляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыз- дық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал слампфляция



Pdf көрінісі
бет164/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   309
Макроэкономика

фляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыз-
дық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал слампфляция – бұл 
өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен жұмыссыздық 
қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең ауыр 
жағдайы.
10.2 сурет. Ұсыныс инфляциясы
Соңғы өнімге бағалардың өсуі мен ресурстарға деген баға-
лардың өсуінің өзара əрекеттесуі инфляциялық шиыршыққа (ин-
фляционная спираль) ұласады. Инфляциялық шиыршық (ора-
ма) – бұл сұраныс инфляциясын жəне ұсынысын инфляциясын 
туындататын факторлардың өзара байланысы мен əрекеттесуінің 
механизмі, яғни экономикада сұраныс инфляциясының да, ұсыныс 
инфляциясының да қатар орын алуы. Инфляциялық ораманың 
айналуы үрдісінде экономикалық субъектілердің инфляциялық 
күтімдері маңызды рөл ойнайды.


233
Инфляциялық шиыршықтың осындай бұралымы 10.3-сурет-
те көрсетілген. Айталық, E
0
нүктесінде экономика толық жұ-
мысбастылық кезіндегі тепе-теңдік жағдайда тұр. Осы кезде 
мемлекеттің бюджет-салық немесе ақша-несие саясаттарының 
көмегімен экономиканы ынталандыруы жиынтық сұраныс қи-
сығын AD
2
жағдайына жылжытып, тепе-теңдік E
1
нүктесіне ор-
наласады. Баға деңгейінің өсуі ннфляциялық күтімдерді туын да-
тып халықтың экономикалық тəртіптері соған байланысты өзгере 
бастайды. Жалдамалы жұмысшылардың талаптары бо йынша 
жалақының мөлшерлемесі көтеріліп фирмалардың орташа шы-
ғын дары өсе бастайды. Ал AS қисығы солға-жоғарыға жылжып, 
жаңа тепе-теңдік E
2
нүктесі жағдайында болады. Бұл үдеріс ин-
фляцияны одан ары үдетіп жалғаса беруі мүмкін. Сөйтіп, эконо-
мика осындай «шырша тəріздес» мəселені бастан кешеді.
10.3-сурет. Инфляциялық шиыршық
Инфляцияның əлеуметтік-экономикалық зардаптары:
1. Инфляция халықтың, кəсіпорындардың жəне мемлекет-
тің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл 
атаулы жəне нақты табыстарының арасындағы айырмашылық-
пен анықталады. Мұндай жағдайда əдетте, тұрақты (тіркелген) 
табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, 
яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.


234
2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып ке-
леді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы ба-
ийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның 
белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі 
бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарыла-
ды. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұта-
ды. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың 
пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс 
пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің 
құнын арттырады.
3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлық-
материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғын-
дар мен кəсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін 
ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға ай-
налдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында 
ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды 
дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нəтижесі сұраныс 
инфляциясының күшеюіне алып келеді.
4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндік-
терін төмендетеді.
5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құн-
сыздандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі 
бұзылады жəне үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің 
(салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты 
құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамау-
ға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын 
ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның 
қар жылық ресурстары қысқарады.
6. Инфляция тұрғындар мен кəсіпорындардың ақша қара-
жаттарын салықтар арқылы жасырын тəркілеуге алып келеді. 
Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық 
салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет