Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық өсудің сапасы



Pdf көрінісі
бет201/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   309
Макроэкономика

Экономикалық өсудің сапасы – бұл халықтың материал- 
дық жағдайларын жақсарту, əлеуметтік инфрақұрылым салалары-
ның даму деңгейін арттыру, адам капиталына инвестиция құюды 
күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайлары-
ның қауіпсіздігін сақтау, толық жұмысбастылықты қамта масыз 
ету жəне халықты əлеуметтік қорғауды күшейту сияқты маңыз-
ды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел экономикасының да-
муының əлеуметтік бағыттылығы.
Экономикалық өсудің қарқыны мен оның сапасы арасында 
белгілі бір өзара байланыс болады. Бірқатар жағдайларда, эко-
номикалық өсудің жоғары қарқыны сапаның өсуімен сəйкес 
жүрмеуі мүмкін немесе керісінше, экономиканың өсудің тым 
əлсіз қарқыны өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік бе-
руі мүмкін. Сондықтан көптеген экономистер қазіргі уақытта 
экономикалық өсудің тұрақтылығын көрсететін өсудің орташа 
қарқынын (жылына 2-3%) қамтамасыз ету əлдеқайда тиімдірек 
деп санайды. Олай болса, дамыған елдердегі экономикалық өсудің 
стандартты деңгейі орта есеппен жылына 2-3%-ды құрайды де-
ген сөз. Бұл жерде осындай стандартты өсу жұмыссыздық пен 
инфляцияның қалыпты деңгейіне сəйкес келетін жұмыспен то-
лық қамту деңгейімен ұштастырылуы тиіс. Бірақ кез келген 


283
экономикалық өсудің əрқашанда оң нəтижеге əкеле бермейтін-
дігін ұмытпағанымыз жөн, яғни теріс экономикалық өсу де бо-
лады. Экономикалық өсудің дағдарысы – бұл əлемдік тəжіри-
беде нақты жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы 
жалғасқан 9%-ға дерлік төмендеу көрсеткіші.
Ал қазіргі дамыған нарықтық экономика жағдайында эко-
но микалық өсудің шын мəніндегі көрінісін тепе-теңдіктік эко-
номикалық өсу сипаттайды. 
Тепе-теңдіктік (теңгерімді) экономикалық өсу – бұл бел-
гілі бір уақыт аралығында бір-біріне тұрақты түрде теңесетін 
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс көлемдерінің ұлғаюын 
көрсететін ұлттық экономиканың ұзақ мерзімдік дамуы. Жиынтық 
сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңгерімді өсуі нəтижесінде 
бағалардың тұрақты деңгейін ұстап тұруға болады.
Экономикалық өсуді график түрінде негізгі үш əдіспен си-
паттауға болады:
1. Нақты ЖІӨ қисығы арқылы.
2. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы.
3. «AD-AS» үлгісінің көмегімен.
12.1-сурет.  Экономикалық өсу
12.1, а-суретінде тренд қисығы ЖІӨ-нің ұлғаюының ұзақ 
мерзімдік үрдісін сипаттайды. 
12.1, ə-суретінде экономикалық өсу өндірістік мүмкіндіктер 
қисығымен (ӨМҚ) көмегімен көрсетілген. Инвестициялық та-
уарлар (өндірістік құрал-жабдықтар) мен тұтынушылық тауарлар 
экономикада өндірілетін негізгі тауарлар болып табылады. Егер 
экономика ӨМҚ
1
-ден жаңа ӨМҚ
2
-ге өтсе, яғни А нүктесінен D 
нүктесіне оңға жылжыса, онда экономикалық өсу байқалады да, 


284
тұтынушылық тауарлар өндірісі С
3
-ке дейін жəне инвестициялық 
тауарлар өндірісі I
3
-ке дейін ұлғаяды. Сөйтіп, экономикалық өсу 
ӨМҚ-ң жылжуымен (параллельді түрде жылжу міндетті емес) 
сипатталады.
12.1, б-суретінде экономикалық өсу AD-AS үлгісінің көмегі-
мен бейнеленген. Бұл жерде экономикалық өсу əлеуетті ЖІӨ-
нің өсуін көрсететіндіктен, ол жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзім-
ді қисығының (LRAS) оңға жылжуымен көрініс тауып, өндіріс 
көлемі Y٭
1
-ден Y٭
2
-ге дейін артады.
Қандай да бір елдің экономикалық өсуінің нəтижесін жалпы 
ішкі өнімұлттық табыс ретіндегі негізгі макроэкономикалық 
көрсеткіштер сипаттайды. Олар белгілі бір уақытқа пайызбен 
өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет