Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері



Pdf көрінісі
бет207/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   309
Макроэкономика

Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері.
Экономикалық өсудің қарапайым неокейнстік үлгілеріне Ев-
сей Домардың үлгісі мен Рой Харродтың үлгісі жатады.
Домар үлгісі белгілі бір уақыт талабына сай жиынтық сұ-
раныс пен жиынтық ұсыныстың өндірістік мүмкіншіліктерінің 
артуындағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттейді. Мұнда 
инвестиция экзогендік функция ретінде қарастырылып, оның 
мультипликативтік əсері ескеріледі. Домар ұзақ мерзімде толық 
жұмысбастылықты қамтамасыз етуді алға тартты жəне қысқа 
мерзімдік кейнстік тепе-теңдік шарттарын ұзақ мерзімді кезеңге 
ауыстырып қарастырды. Бұл модель өткен ғасырдың қырқыншы 
жылдарының аяғында пайда болып, мынадай алғышарттардан 
құралды:
− модельде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады, ол 
тепе-теңдік жағдайда болады;
− өндіріс технологиясы Леонтьевтің өндірістік функциясымен 
көрсетіледі;
− өндіріс факторлары бір-бірімен алмастырыла алмайды;
− еңбек нарығында бағалардың икемсіздігінен артық ұсыныс 
пайда болады;
− капиталдың орташа өнімділігі (Y/K) мен жинақтау нормасы 
(S
Y
) тұрақты;
− шығарылым көлемі тек жалғыз ғана ресурс – капиталға 
тəуелді.
Домардың пікірінше, егер экономикалық жүйе толық жұ-
мысбастылық кезінде тепе-теңдік жағдайында болса, онда сол 
тепе-теңдікті сақтау үшін жиынтық сұраныс өндірістік əлеуеттің 
(инвестицияның) қарқынына сəйкес өсуі керек. 
Домардың үлгісі үш негізгі теңдеуге негізделеді: ұсыныс 
теңдеуі, сұраныс теңдеуі жəне теңгерімді өсу теңдеуі. Ұсыныс 
теңдеуі мына болжамға негізделеді:
I
t-1
 = ΔK
t-1
 = K
t
 – K
t-1
,


291
яғни, осы жылы салынған инвестициялар капиталды болашақта 
арттырады. Капиталдың орташа өнімділігі δ = Y/K – тұрақты 
шама болғандықтан, осы t жылы игіліктер нарығындағы ұсыныс 
теңдеуі мына формуламен беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет