Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Инвестицияға сұраныс көлемі акселератор принципі арқылы  анықталады: I



Pdf көрінісі
бет209/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   309
Макроэкономика

292
Инвестицияға сұраныс көлемі акселератор принципі арқылы 
анықталады:
I
t
 = a(Y
t
 – Y
t-1
).
Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс инвес-
тициялық сұраныс негізінде жəне мультипликатор əсерімен 
анық талады:
Y
d
t
 = I
t
 / S
Y
 = a(Y
t
 – Y
t-1
) / S
Y
.
 
Егер статикалық тепе-теңдікке қол жеткізілсе:
Y
d
t
 = Y
s
t
,
онда кəсіпкерлер болашақта да осы тепе-теңдік қарқынын ұстап 
тұрады деген болжам айтылады.
Харрод «кепілдендірілген» экономикалық өсу түсінігін ен-
гізді. Яғни, үлгідегі «кепілдендірілген» өсу қарқыны мына фор-
муламен анықталады:
ΔY / Y
t-1
 = S
Y
 / а – S
Y
.
«Кепілдендірілген» экономикалық өсуқолда бар өнді-
рістік қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиын тық 
сұраныстың салыстырмалы өзгерісіне байланысты кəсіп кер-
лер дің психологиялық күтімдерінің барынша ақталуы ке зін дегі 
экономиканың тепе-теңдіктік даму беталысы.
Алайда, тəжірибеде нақты өсу қарқыны мен кепілдендіріл-
ген өсу қарқыны арасында алшақтық бар, сондықтан Харрод 
капиталдың «табиғи» өсу қарқыны деген түсінікті де қолданды. 
«Табиғи» өсу қарқыны еңбек ұсынысының өсуі кезіндегі 
толық жұмысбастылықты қамтамасыз етеді жəне сол табиғи өсу 
қарқынының еңбек ресурстарының өсу қарқынына тең екенін 
көрсетеді.
Экономикалық конъюнктураның жағдайы экономикалық өсу -
дің кепілдендірілген жəне табиғи қарқындарының арақа ты нас-
тарымен анықталады. 
Егер ұлттық табыстың табиғи өсу қарқыны кепілдендіріл-
ген өсу қарқынынан қалып отырса (яғни, еңбек ресурстарының 
өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынынан қалып отырса), онда 
кəсіпкерлердің күтімдері өсу қарқынына қарағанда ақталмайды, 


293
яғни еңбек ресурстарының тапшылығы инвестицияны қысқар-
тады жəне экономикалық белсенділік дағдарысқа ұшырайды.
Егер ұлттық табыстың табиғи өсу қарқыны кепілдендірілген 
өсу қарқынынан артып отырса, онда экономикалық дамудың мы-
надай екі жолы орын алуы мүмкін:
а) өсудің нақты қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынына тең 
болады. Бұл жағдайда экономика циклдік жұмыссыздықтың бо-
луы кезінде қарқынды, əрі тепе-теңдіктік сипатта дамитын бола-
ды;
ə) өсудің нақты қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынынан 
жоғары болады. Бұл жағдайда еңбек ресурстарының артықшы-
лығы инвестицияның өсімін ынталандырып, экономикалық өр-
леуге жетелейді, ұлттық табыстың нақты өсу қарқыны күтілетін 
өсу қарқынынан асып түседі.
Соңында, Харрод үлгісін мына анықтамамен қорытын ды-
лаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет