294
ұқсас болғандықтан, оларды біріктіріп Харрод-Домар үлгісі деп
те қарастырады.
1950-жылдары, экономикалық өсудің неоклассикалық үлгі-
лері кеңінен қолданыла бастады, мұндағы басты жетістігі ре-
тінде өндіріс факторларының өзара
ауыстырыла алу қасиетіне
өндірістік функциялар саналды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық үлгілері.
Экономикалық өсудің неоклассикалық модельдерінің негіз-
гісі болып Роберт Солоудың экономикалық өсу моделі деп сана-
лады.
Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі – бұл халықтың
өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының жəне ҒТП-
тің əсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің
неоклассикалық үлгісі.
Неоклассикалық
мектептің өкілі, американдық экономист
Роберт Солоудың (1924 жылы туылған) экономикалық өсу үл-
гісі көптеген ғылыми əдебиет көздерінде базалық үлгі ретінде
қарастырылады. 1956 жылы ұсынылған Солоудың экономикалық
өсу үлгісі бірқатар негізгі алғышарттарға негізделеді:
−
өндіріс факторлары, еңбек пен капитал өзара алмасты рыла
алады;
− капиталмен қарулану көрсеткіші тұрақты шама емес, ол
экономикалық жағдаятқа байланысты өзгеріп отырады;
− үлгіде мемлекет пен сыртқы орта секторлары қарас ты-
рылмайды;
− фирмалар мен үй шаруашылықтары секторларынан тұ-
ратын игіліктер нарығы жетілген бəсекелестікке жəне
икемді бағаларға негізделеді;
− үлгіде Кобб-Дугластың
өндірістік функциясы қолда-
нылады.
Үлгіде сипатталатын барлық көрсеткіштер бір адамға шақ-
қандағы есептеулермен беріледі,
олай болса, жан басына шақ-
қандағы табыс, инвестиция, жинақ көрсеткіштері былай беріледі:
s – ұлттық табыстағы жинақтың үлесі, 0 < s < 1;
y – ұлттық табыс немесе шығарылым көлемі;
i – жоспарланған инвестициялар;
i = sy, яғни инвестициялар = жинақ нормасы × ұлттық табыс;
295
k – еңбектің капиталмен қарулануы (капиталовооружен-
ность), K / L;
δ – капиталдың істен шығу нормасы.
Үлгіде y шамасы капиталмен қаруланудың функциясы болып
табылады:
Достарыңызбен бөлісу: