Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі жəне сырт-



Pdf көрінісі
бет224/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   309
Макроэкономика

Тұрақты валюта бағамы жағдайындағы ішкі жəне сырт-
қы тепе-теңдік
Бастапқыда ашық экономиканың кейнстік үлгісі тағайын-
далған валюта бағамына негізделді. Бұл принцип 1944 жылғы 
Бреттон-Вуд жүйесінің негізін құрды жəне ол 1970 жылға дейін 
өмір сүрді. Валюта бағамының тұрақтылығы IS-LM-BP үл-
гісіндегі ВР қисығының тұрақтылығын білдіреді. Сондықтан 
ішкі жəне сыртқы тепе-теңдік ақша-несие (LM қисығының) жəне 
бюджет-салықтық (IS қисығының өзгерісімен) саясаттар өзгерісі 
арқылы қалыптасты.
Ашық экономикадағы алғашқы жағдай суретте берілген. 
Өндіріс көлемі – Y
1
, пайыз мөлшерлемесі R
1
деңгейінде орна-
ласқан. Экономикада не ішкі, не сыртқы тепе-теңдік байқал-
май ды. Нақты өндіріс көлемі əлеуетті (Y
2
) деңгейден төмен 
(сурет 13.1).
Экономиканың нақты жағдайы IS, ВР қисықтарынан төмен 
орналасқан. Бұл біріншіден, тауар нарығында тепе-теңдіктің 
жоқ екендігін, екіншіден, төлем балансының тапшылығын біл-
діреді. Тепе-теңдік тек ақша нарығында бар (LМ қисығындағы 
Е
1
нүктесі). Толық жұмысбастылық жəне өндіріс көлемі Y
2
бол-
ғандағы үш нарықтағы тепе-теңдікті қалай орнатуға болады?
ВР қисығы тұрақты болғандықтан Е
2
нүктесінде тауар жəне 
ақша нарықтарының қисықтары қиылысуы тиіс. Кейнстік тео-
рияға сəйкес мемлекет қандай шаралар жүргізуі тиіс? Ең алдымен 
тауар нарығында тепе-теңдік орнату қажет. Ол үшін мемлекеттік 
шығындарды көбейту керек. Сонда тауар нарығының қисығы ІS 
оңға ІS׳ қисығына жылжиды (13.2-сурет).
Егер пайыз мөлшерлемесі R
1
деңгейінде сақталса, онда Ү
3
өндіріс көлемін өндірер едік. Бірақ онда ақша рыногындағы 
тепе-теңдік бұзылады. (Е
3
нүктесі LМ қисығынан төмен жа-
тыр). Валюта рыногында да теңсіздік күшейе түседі, өйткені 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет