Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет249/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   309
Макроэкономика

Тарифтік шектеулер (кеден бажы) – бұл қандай да бір 
елдің шекарасынан өтетін тауарлардан, мүліктерден жəне құн-
дылықтардан алынатын мемлекеттің ақшалай табыстары (са-
лықтар). Баж салықтары импорт пен экспортқа бірдей салы-
натындықтан, олар импорттық тариф жəне экспорттық тариф 
болып бөлінеді. 
Импорттық тариф – отандық тауар өндірушілерді шетел 
бəсекесінен қорғау мақсатында импорттық тауарларға салына-
тын салықтың бір түрі. Кеден салығы шетел тауарларына салы-
нады, нəтижесінде тауарлар қымбаттайды, сұраныс азаяды. Ке-
ден салықтары фискалдық қызмет атқарады, яғни ол мемлекет 
бюджетін толықтырудың негізгі көзі болып табылады. 
Алайда импорттық тарифтер отандық тұтынушыларға бір-
шама зиян əкеледі, өйткені тарифтерді енгізу импорттық та-
уарларды қымбаттатады, нəтижесінде отандық сатып алушылар 
қосымша салық төлейді. Яғни, импорттық тарифті енгізудің сал-
дары: мемлекет пен фирмалар ұтады жəне тұтынушылар зиян 
14.4-сурет. Импорттық тарифті енгізудің салдары


348
шегеді. Импорттық тарифтің ұлттық экономикаға осындай əсерін 
14.4-суретімен түсіндіруге болады.
Суреттен байқағанымыздай, импорттық тауарға тарифтің 
енгізілуі, сол тауардың бағасын P
w
-дан P
e
-ге көтереді, нəтижесінде 
тауарға деген ішкі сұраныс Q
d
-дан Q
d
*-ға дейін қысқарады, ал 
ішкі ұсыныс Q
s
-дан Q
s
*-ға дейін артады. Бұл жерде импорттың 
жалпы көлемі Q
d
* - Q
s
* айырмасына қысқарады.
Ұлттық тұтынушылар импорттық тарифті енгізудің салда-
рынан a+b+c+d фигураларының ауданына тең таза зиян шегеді, 
сəйкесінше, олардың ұтымы азаяды. Ұлттық өндірушілердің 
қо сымша таза ұтымы а фигурасының ауданына тең болады. Ал 
мем лекет болса, оның ұтысы с фигурасының ауданын құрайды. 
Осыған орай, ұлттық экономиканың таза жиынтық жоғалтулары 
b+d фигураларының ауданына тең болады, мұнда b – тауар 
өндіру көлемінің тиімді деңгейінен қысқаруы салдарынан болған 
өндірістік зияндар; d – тауарға бағаның өсуінен жəне импорттық 
тарифті енгізуге байланысты тұтынудың қысқаруынан болған 
тұтынушылық зияндар.
Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік екінші бір құралы, яғни
импорттық тарифтің «айнадағы» көрінісі іспеттес – ол экспорттық 
тариф.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет