Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет41/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   309
Макроэкономика

мының жылдамдығы деген факторлар да жатады.
Жиынтық ұсыныс (AS)бұл экономикада бағалардың 
əртүрлі деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (не-
месе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы 
саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты 
ЖІӨ деп те атайды. 
Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы – бұл ұсыныс көлемі-
нің елдегі бағалардың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін 
графи калық көрініс.
AS қисығының сипатына бағалық жəне бағалық емес фак-
торлар əсер етеді. Біріншісі жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді 
(AS қисығының бойымен жылжу), ал екіншісі (технологиядағы, 
ресурстар бағаларындағы, қолданылатын ресурстар көлемін-
дегі, фирмаларға салық салудағы, нарықтар құрылымындағы 
өзгерістер жəне т.б.) AS қисығын оңға немесе солға өзгертеді.
AS қисығы статикалық жəне динамикалық тұрғыдан қарас-
тырылады.
Алайда статикалыққа қарағанда AS-ң динамикалық қисығы 
ұлттық өндіріс көлемінің өзгерісіне инфляция қарқынын бағалау 
үшін қолданылады. 
AS қисығы классикалық жəне кейнстік мектептер тұрғысы-
нан əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, қандай да бір фактордың 
өзгеруінен жиынтық ұсыныс шамасының өзгерісі бірдей бол-
майды, себебі бұл жағдай уақыт факторына тəуелді, яғни жиын-
тық ұсыныстың уақыттың қай мерзімінде (қысқа жəне ұзақ 
мерзімдерде) қарастырылып отырғандығы маңызды болып та-
былады. 
Классикалық үлгі экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады.
Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбас-
тылықтың орын алуын қолдай отырып, тауар бағаларының өз-
герісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын 
кезең.


62
Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің 
өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға 
негізделіп құрылады:
• өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қол-
дағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне 
тəуелді емес;
• өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзге ріс-
тер өте баяу жүзеге асырылады;
• экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда 
жұмыс істейді, жəне сəйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенци-
алды көлеміне тең болады;
• бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері 
нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде болады. 
Ол өндіріс көлемінің табиғи (потенциалды) деңгейін сипаттайды 
(3.3-сурет), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде 
болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылатын жағ дай-
да қарастырылады. Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар 
деңгейін өзгертеді (3.4-сурет). Мысалы, ақша ұсынысының 
төмендеуі кезінде AD
1
қисығы солға (төмен) AD
2
жағдайына 
ығысады. Экономикалық тепе-теңдік E
1
нүктесінен E
2
нүктесіне 
ауысады, бірақ өндірілген өнім көлемі AS
ұзақ мер.
өзінің бұрынғы 
деңгейінде сақталып қалады.
Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер 
өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын 
алуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет