92
қазбалардың қорлары жəне т.б.) анықталатын автономды инвес-
тициялар;
R – нақты пайыздық қойылым;
d – инвестицияның пайыздық қойылымның қарқынына сезім-
талдылығын анықтайтын эмпирикалық коэффициент.
2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың
өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тəуелді жəне ынталан-
дырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық
табысты
арттырып, соның өсуімен байланысты тəуелді инвес-
тицияларды ынталандырады. Мұндай
инвестициялардың көзі -
əдетте, кəсіпкерлік пайда болады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың
өсуі мен қатар ұлғаяды. Олай болса,
туынды инвестициялар да
артады. Бұл жерде жиынтық табыстың өсуіне орай,
өндірістік
инвестициялармен бірге, тауарлық-материалдық қорларға жəне
тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Демек, эко-
номи каның жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры
жаңартылады жəне тұрғын үйге сұраныс ұлғаяды.
Инвестициялардың табысқа оң тəуелділігі мынадай функция
бойынша өрнектеледі:
I = e – dR + γY,
мұнда, γ – инвестициялауға деген шекті бейімділік;
Y – жиынтық табыс.
Инвестициялауға деген шекті бейімділік (MPI – marginal
propensity to investment) – жиынтық
табыстың кез келген өзге-
рісіндегі инвестициялауға кететін шығындар өсімінің пайыз дық
үлесі:
МРІ = ΔI / ΔY,
мұнда, ΔI – инвестициялар шамасының өзгеруі; ΔY – табыстың
өзгеруі.
Сонымен, автономды жəне туынды инвестициялардың қи-
сығын төмендегі суреттен көруге болады.
Кейнстік экономикалық бағыт əрқашанда жиынтық сұраныс
тарапынан дағдарыстық экономиканы зерттеуге бағытталған.
Экономикалық белсенділіктің
деңгейі төмен болғанда жиын-
тық сұранысты үнемі ынталандырып отыру керек. Сол себепті
93
өндірістің терең құлдырауын болдырмау үшін,
жиынтық сұра-
нысты реттеу бойынша мемлекеттің белсенді экономикалық сая-
саты қажет. Сондықтан да Кейнстің теориясын көп жағдай ларда
Достарыңызбен бөлісу: