117
табыс 500 млрд.теңге болса, онда 20%-дық салық мөлшермелесі
кезіндегі салықтық түсімдер 100 млрд. теңгеге тең болады. Табыс
одан ары ұлғайса, салық мөлшерлемесі де солай жоғарылайды
жəне Т қисығы аса тіктеу сипатқа ие болады. Керісінше, та-
быс төмендегенде t шамасы да төмендейді жəне Т
қисығы аса
жатыңқы болады.
Экономиканың автоматты тұрақтандырғыштары дискре ция-
лық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімінің ұзақ-
тылығы мəселесін салыстырмалы түрде жұмсартып отырады,
өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс
істей береді.
Сонымен, дұрыс ойластырылған бюджет-салық саясаты мем-
лекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыруға жəне кə сіп-
керлік
белсенділікті көтеруге, азаматтардың əлеуметтік қам -
тамасыз етілуін арттыруға, ел экономикасының бəсекелік қа-
білеттілігін нығайтуға жəне елдің халықаралық жағдайларын
жақсартуға өз септігін тигізеді.
Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезін де
жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей əсер етеді.
Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар)
муль типликаторы, салық мультипликаторы жəне баланстанған
бюджет мультипликаторы сияқты үш
мультипликатордың іске
қосылуы есепке алынады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде
«Лаффер əсері» қарастырылады.
Бюджет мультипликаторы мемлекеттік шығындар динами-
касының өзгеруі нəтижесінде ұлттық өндірісте орын алатын
Достарыңызбен бөлісу: