120
мультипликатордың іске қосылуының мəні мынада: мемлекеттік
шығындар мен салықтардың белгілі бір уақытта бірдей шамаға
(∆G = ∆T) өсуі кезінде, өндірістің тепе-теңдік көлемі де дəл сол
шамаға артады, ∆Y = ∆G = ∆T.
Айталық, үкімет қосымша
мемлекеттік шығындарды жабу
үшін салық саясатын қатаңдатып, салық мөлшерлемелерін кө-
тер ді. Сөйтіп, осы шараларды іске асырудың нəтижесінде мем-
лекеттік шығындар да, салықтық түсімдер де 100 мың теңгеге өсті
делік. Тұтынуға шекті бейімділік 0,8-ге тең. Енді бұл жерде үкімет-
тің жүргізген шараларының салдарынан
туындаған өндірістің
тепе-теңдік көлемінің өзгеру шамасын анықтау қажет. Ол үшін
мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторларының
мəндерін анықтаймыз:
m
g
= ∆Y / ∆ G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS = 1/ 0,2 = 5,
m
t
= ∆Y / ∆T = −MPC / 1 – MPC= – 0,8 / 0,2 = –4.
Бұл жағдайда мемлекеттік шығындар есебінен болған Y-дің
өсімі мынаны құрады:
∆Y
g
= ∆G×m
g
= 100 × 5 = 500.
Ал салықтардың өсуі нəтижесінде
болған Y-дің қысқаруы
мынаған тең болды:
∆Y
t
= ∆T×m
g
= 100 × (–4) = –400.
Олай болса, ұлттық өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі мынаған
тең болады:
∆Y = ∆Y
g
+ ∆Y
t
= 500 – 400 = 100, яғни өндіріс көлемі
мемлекеттік шығындар мен салықтардың бастапқы өзгерістері
сияқты шамаға өзгереді.
Бұл қорытынды экономикадан 1989
жылғы Нобель сый лы-
ғының иегері, норвегиялық ғалым Трюгве Хаавельмо атымен
байланысты
«Хаавельмо теоремасы» деген атқа ие болды.
Баланстанған бюджет мультипликаторының əрекеті мынамен
байланысты, яғни мемлекеттік шығындардың ұлғаюы əсеріне
қарағанда, салықтардың өсімінен болған мультипликативтік
əсер əлсіздеу болады. Сондықтан
салық саясаты ЖІӨ көлеміне
əсер ететін жанама шараларға, құралға жатады, ал
сол мезетте
мемлекеттік шығындарды өсіру арқылы үкімет ЖІӨ-ге тікелей
121
əсер ете алады. Мұндай ерекшелік бюджет-салық саясатының
құралдарын таңдау кезінде шешуші болып табылады: экономика-
да циклдік құлдыраудың алдын алу үшін мемлекеттік шығындар
артады (бұл аса күшті ынталандырушылық əсер болып табылады),
ал экономикалық өрлеу жағдайында инфляциялық дүмпулерді
басу үшін салықтар өседі (бұл
сондай жұмсақ шектеуші шара
ретінде саналады).
«Ұсыныс экономикасы» теориясын жақтаушылар салық мөл-
шерлемесін төмендетуді экономикалық өсудің маңызды факто-
ры деп санайды. Американдық экономист Артур Лаффер (1941
жылы туылған) өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ президенті
Рональд Рейганның экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына
қатысу барысында өзінің теориясын қалыптастырды. Ол «Лаф-
фер қисығы» арқылы сипатталатын «Лаффер əсері» деген атқа ие
болды.
Достарыңызбен бөлісу: