С. Р. Ердәулетов, А. Р. Жұмаділов туризм тарихы


Қазақстан Республикасындағы



Pdf көрінісі
бет21/67
Дата15.12.2023
өлшемі1.47 Mb.
#486694
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
annotation23067 (1)

1-кесте
Қазақстан Республикасындағы
туристік-экскурсиялық іс-әрекет 
динамикасы 
10.
№ 
Баптың аталуы
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
1. 
Қызмет 
көрсетілген 
туристердің 
саны
1.143.458
Оның
ішінде
экскурсант
тар.
1.514.994
Оның
ішінде
экскурсан
ттар.
1.651.21
0
950.500
791.325
806.474
246.000
228.32
0
146.915
154.502
2.
Сыртқа 
жіберілген 
туристер саны
233.819
622.357
700.492
700.500
650.218
674.024
145.700
106.07
8
67.360
37.942
3. 
Қабылданған 
туристер саны
236.044
420.057
450.718
250.000
141.107
132.450
35.000
50.154
23.868
2.507**
4.
Тур.қызмет 
көлемі (мың 
теңге)
1.049.631,3
(мың сом.)
30.540, 6
356.924,
0
2.019.450,
0
3.312.924,
8
3.346.525,
7
1916,6
млн.теңге
*
1882,7
млн.теңге
1983,5
млн.теңге
5.
Пайда (мың 
теңге)
100.392,9
(мың сом.)
4.820,3
112.429,
0
180.945,0
250.107,0
261.328,0
*
*
*
*
6.
Салықтар (мың 
теңге)
30.117,8
(мың сом.)
1.315,9
37.847,0
40.194,0
120.245,3
128.715,0
*
*
*
*
7.
Турфирмалар-
дың саны
448
503
589
478
434
430
430
425
531
605
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мәліметтері бойынша құрастырылған
____________________________
* - мәлімет жоқ
** - 2001 ж. келу туризмі туралы мәліметтер толық көлемде берілмеген: тек қана лицензия алған фирмалар есепке алынған, сондықтан
көрсеткіштер көлемі 8-10 есе төмен болып көрсетілген


- халықтың тұтыну құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен
қызметтер үлесінің өсуі. Экономистердің тұжырымы
бойынша, 19 атаудан тұратын минималды азық-түлік
жинағына жұмсалатын шығындар 1992 жылғы қаңтарда орта
есеппен алынған айлық табыстың 90 %-н құрса, 1996 жылдың
соңында 26 % болды;
- жергілікті курорттарға жолдамалары бағасының, көлік
тарифінің өсуіне және ТМД елдеріндегі көлік қозғалысының
реттелмеуіне, бұрын демалыстың таңдаулы болып есептелген
аудандардағы қауіпті жағдайға байланысты азаматтар ішкі
туристік нарықтың орнына сыртқы нарықты таңдайтын
болды;
- шетелдік сапарларды материалдық тұрмыстық мәселелерді
шешу үшін пайдалану. Көптеген қазақстандықтар үшін
шопинг шетел сапарларының басты мақсаты болып табылады;
- іс байланыстары мен ынтымақтастықтың кеңеюі.
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында қазақстандықтардың
демалыс, ойын-сауық және кәсіби мақсатта шетелдік сапарға аттануы өседі
деп күтілуде. 
Келу туризмінің жағдайы да жақсы деп айтуға келмейді. Шетелдік
туристердің ең қызу кезеңі 1994 жыл болған. Осы жыл ішінде елімізге 450
мың қонақ келді. Осылардың көбі кеңес қоғамындағы өзгерістерді өз көзімен
көргісі келгендер болған. Бірақ, көп уақыт өтпей қайта құруға деген
қызығушылық басылды да, шетелдіктердің келуі азая бастады. 2000 жылы
Қазақстанға 23,9 мың шетел азаматы ғана келді. Дегенмен, осындай құбылыс
ТМД барлық елдеріне тән. 
Резидент емес туристер санының азаюының бірталай себептері бар.
Олардың ішінде ең алдымен, қажетті инфрақұрылымның нашар дамуы
(қызмет көрсету сапасының халықаралық нормаларына сәйкес келмеуі) және
материалдық-техникалық базаның нашар күйі.
Әлемде валюта көзі мен экспорттық сауданың ең тиімді формасы болып
есептелетін шетелдіктерді қабылдау ісі бізде талай жылдар бойы табыс
әкелмейтін бизнес болып саналады. Өз азаматтарын шетелге демалуға
жіберіп және өзінің келу туризмін дамытпай отырып, Қазақстан, бір жағынан,
басқа елдердің инфрақұрылымын қаржыландырады және жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады, ал өзі болса, миллиондаған доллар
табыстарына қолы жете алмай, өз төлеу балансының дефицитын көбейтуде.
Кейбір сарапшылардың айтуынша, халықаралық туризмнен түсетін табыстар
мүмкін болатын табыстардың 10 % да құрмайды.
Келу туризмді тежейтін басқа да факторларды атауға болады:
экономикалық және саяси тұрақсыздық, әлеуметтік қайшылықтардың өсуі,
қылмыс қаупі т.б. Бұрынғы КСРО ыдырауы да туризмге зиян келтірді.
Республикалар арасындағы байланыстардың үзілуі біртұтас туристік
кеңістікті бұзып жіберді. Қазіргі кезде әр аймақ өз заңдары мен қағидаларына
164


бағынады. Шекаралар мен демалыс зоналарында көптеген кедендік,
шекаралық, визалық және т.б. формалдықтар мен үстеме төлемдер туристер
үшін қосымша қиындықтарды туғызды. Нәтижесінде туристік белсенділік
төмендеді, бірнеше республика аумағында өтетін маршруттар саны күрт
азайды. 
Халықаралық стандарттарға жақын сервисті Алматы мен Астананың
тек жоғары дәрежелі отельдері ғана көрсете алады. Бірақ олардың қызметтері
өте қымбат, сондықтан мұндай қызметтерді қонақтардың аз ғана бір тобы
пайдалана алады. 
Ағымдағы және болашақа жоспарланған аумақтық туристік баланстар
(демалыс баланстары) республикамыздың барлық аймақтары үшін
құрастырылуы тиіс. Онда, бір жағынан, халықтың әлеуметтік және жас
мөлшерлік топтары анықталған «демалысты тұтыну» аудандары, екіншіден,
туризм формалары мен түрлеріне топтастырылған «демалысты өндіру»
аудандары жөніндегі мәліметтер болу керек. Сонымен қатар, елдің барлық
облыстары бойынша туризмнің дамуы мен аумақтық ұйымдастырылу
сұлбаларын жасау қажет. Экономикада нарық қалыптасу үрдісі толық
орныққан 2001 жылдан бастап қазақстандық туризмде ірі өзгерістер
байқалады. Осындай өзгерістер стратегиялық басымдықтардың
анықталуына, басқару құрылымы мен туристік инфрақұрылымды
қалыптастыру тетіктерінің жетілдірілуіне байланысты болды. Туризм мен
спорт министрлігінің пайда болуын, туризмнің жеті кластерлік
инициативалар қатарындағы басымдық экономика секторларының бірі
ретінде мойындалуын, «Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту
бойынша 2007-2011 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаның» қабылдануын
республика туризмін экономикалық іс-әрекетінің табысы зор, бәсекеге
қабілетті аясына айналдыру ынтасының көрсеткіші ретінде қарастыруға
болады. Осының нәтижесінде ел ЖІӨ-нің туризм бойынша үлесі әлдеқайда
өсті (1-сурет).
Статистикалық мәліметтер бойынша құрастырылған [132]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет