Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Аударма түрлері (1-сызба)



Pdf көрінісі
бет21/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Аударма түрлері (1-сызба)
Аударма
 
 
 
Ауызша аударма – ілеспе (синхронды), ізбе-із аударма сияқты 
ауызша рәсімдеуді қажет ететін ауызша аударма түрлерінің 
басын біріктіретін ұғым. Аударма процесінде түпнұсқа мен оның 
аудармасы ауызша жасалатындықтан, аударманың бұл түрінде 
аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен 
салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын 
ескертеді.
Ілеспе (синхронды) аударма – бастапқы мәтінді қабылдай 
отырып қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма. Кәсіби 
аудармалардың бір түрі.
Ауызша аударма 
Жазбаша аударма 
Ілеспе аударма 
Ізбе-із аударма 
Көркем аударма 
Аөпараттыө аударма
Параөтан аудару 
Абзацты-фразалы аударма 


46
Көркем аударма мәселесімен айналысушы ғалым Ә.Тарақов 
ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді 
атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты 
туындаған психофизиологиялық дискомфорт;
ә) баяндамашы не жарыс сөзге шығушының микрофондағы 
сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені 
баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған 
сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория 
тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада 
қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға 
келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизио-
логиялық кедергі [14, 36-б.].
Ғалым ілеспе аудармамен шұғылданатын аудармашыда қажетті 
төмендегідей қасиеттер болу керек дейді: 
а) аудармаға өзін-өзі бейімдей білу;
ә) ынта-зейінді сөйленген сөзге барынша бағыттау қабілеттілігі;
б) тосыннан туған кедергілерден шығуға қажетті қабілеттілік;
в) бірнеше тапсырмаларға бір мезгілде зейін аудара білу 
қабілеттілігі:
– іс-әрекет жылдамдығы;
сөз сөйлеу шапшаңдығы;
– психикалық және ден күш-қуатының төзімділігі [14, 36-37-
бб.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет