Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет22/103
Дата16.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#486808
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Ізбе-із аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын 
ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге 
бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы 
аударма. Көбінесе ізбе-із аударма деп жазбалары бар аудармашылық 
әрекеттің кәсіби түрін атайды.
Ізбе-із аударманың жүзеге асуын былайша сипаттап беруге 
болады: шешен біраз сөз сөйлейді (25-30 минут немесе одан да 
көп). Аудармашы шешен сөзінен кейін айтылған ойды аудара алу 
үшін жазба түсіре отырып, мәтінді ойша аударады. Қойылған 
мақсатқа сәйкес, аударма толық немесе қысқаша формада жүзеге 
асырылуы мүмкін. Алайда қазіргі уақытта ауызша аударманың 


47
стандарты біршама өзгерген және түпнұсқа мәтінінің үзіндісін 
аудару ұзақтығы кей кездерде 15 минуттан асып кетеді.
Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, 
экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер 
төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, 
семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады. 
Дыбыстық құрылғылардың күн санап дамуына байланысты 
ауызша ізбе-із аударманың қолданылу аясы тарылып барады. 
Дегенмен жеке кездесулер, келіссөздер кезінде толық түсінісу үшін, 
әрі ілеспе аударманы қолдану мүмкін болмаған жағдайда ізбе-із 
аударма бірден-бір тиімді аударма болып табылады. Сондықтан 
аударманың бұл түрін әрбір кәсіби аудармашы білуі қажет. 
Ізбе-із аударманың ілеспе аудармадан басты айырмашылығы 
мынада: ілеспе аударма мәтін тыңдалып жатқанда жасалса, ізбе-із 
аударма мәтін тыңдалып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. 
Ізбе-із аудармада аудармашы аудармашылық жедел жазуды 
қолданады. 
Ізбе-із аудармашыға қажетті қасиеттерді ғалым Ә.Тарақов 
былай бөліп көрсетеді:
1) энциклопедиялық білімнің молдығы, ой-өрісінің кеңдігі;
2) өз ұлттық тілін еркін меңгеруі және бай сөздік қоры;
3) жұмыс істейтін шет тіліндегі кез келген сөзді іштей еркін 
қабылдау қабілеттілігі;
4) жұмыс істейтін шет тілін еркін меңгеру, әсіресе оның сөйлеу 
тілін, идиомалық оралымдарын білу [14, 37-б.].
Ізбе-із аударманың бір түрі – парақтан аудару кезінде 
жазылған мәтін алдын ала оқылмай, оны қабылдау барысында 
ауызша аударылады.
Ал, абзацты-фразалы аудармада мәтін тыңдалып немесе 
оқылып болғаннан кейін толығымен емес, әдетте абзацтарға 
немесе фразаларға бөліп-бөліп тәржімеленеді. Аударманың бұл 
түрі бірден-бір қарапайым аударма болып есептеледі, сондықтан 
да аталмыш аударма мәтіннің көлемді үзінділерін есте сақтауды 
қажет етпейді. Абзацты-фразалы аударма монологті, сондай-ақ 
диалогті аудару кезінде қолданылады. 
Біз тоқталатын аударманың келесі бір әмбебап түрі – жазбаша 
аударма. Жазбаша аударма – аудару кезінде мәтін көзбен оқылып, 


48
жазбаша жүргізілетін кәсіби аударманың ең көп тараған түрі. 
Жазбаша аударманың көркем аударма және ақпараттық аударма 
деген түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет