77
1. Линвистикалық (балама аударма тіл заңдылықтарына сай
болады);
2. Қолданбалы-практикалық (түсініктілік, уәжділік, айырымдық
мәнінің жеткіліктігі, ықшамдык-икемділігі ескеріледі).
Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер,
сондықтан ықшамдылық,
қолдануға қолайлылық, жүйелілік
талаптарына да сай келіп, ұғым мазмұнын дәлірек беретін болуы
тиіс. Сонымен:
1) Аударма сөзбе-сөз аударма болуы тиіс емес, мәтін мазмұны
оқырманға түсінікті тілмен жеткізілуі шарт.
2) Әрбір аудармашының дербес компьютерде өз алдына жұмыс
жасау қабілеті мен икемділігі болуы шарт.
3) Аудармашының фондық білімінің (техникалық материал-
дарды аударса, техникадан жақсы хабардар болуы, ұлттық
әдебиеттерді аударса, ұлтгтық болмыстан жақсы хабардар болуы
т.с.с.) қажетті деңгейде болуы.
4) Аудармашы аударма барысында орфографиялық, пунктуа-
циялық, грамматикалық және стилистикалық
нормаларды қатаң
басшылыққа алуы қажет.
5) Аудармашы өзіне тапсырылған материалдардың мазмұнын
бөгде адамдарға жарияламауы керек.
6) Аудармашы термин сөздердің баламасын табуда өз еркіне
салмай, ғылыми салалардағы сөздіктерді басшылыққа алғаны жөн.
7) Аудармашы өз бетімен түпнұсқа мәтінін өзгертуге:
қысқартуға немесе толықтыруға құқылы емес (өзгерістерді
тапсырыс берушінің өзі ескерткен жағдайлардан басқа кездерде).
8) Аудармашы аударма мәтінінің мазмұнын ғана емес, сыртқы
пішінін де (шрифт өлшемі, тақырып атауларының орналасуы,
абзац, бет нөмірлері, кестелердің орналасуы) түпнұсқа мәтініне
сай рәсімделуін қадағалауы қажет.
9) Аударма мәтінді қолданушы адамдардың (оқушының,
жұмысшы маманның) дайындығын ескере отырып,
қысқарған
атауларды қажет жерінде тарқатып аудару қажет.
10) Терминдегі мағына екіұштылығын жою үшін контекст
қызметін пайдалану қажет.
11) Мәтіндерде ой нақтылығы, дәлдігі, дұрыстығы, түсінікті
дәйектілігі болғанын қадағалау қажет.
78
12) Калькамен аударуға рұқсат беріледі. Бірақ мағыналық калька
басты назарда болуы керек, кей сөзді калькамен аударуға болса
да, аударма тілдегі сөз әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық
факторға сүйеніп басқа балама алуға болады.
13) Аударма өнімдері компьютерде сауатты теріліп, орындалған
жұмыс актісімен ресімделіп, тапсырысшыға өткізілуі шарт.
Ғылыми стильде зерттеу нысаны
болған зат пен құбылыс
ғылыми негізде сипатталып, белгілі теориялық негіздермен
дәлелденіп, логикалық жағынан негізгі ой мен құбылыстың
байланысы нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған хабарлы,
өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған
ғылыми тұжырым
жасалынады. Сондықтан ғылыми-техникалық мәтіндерде ой
нақтылығы, дәлдігі, дұрыстығы, түсінікті дәйектілігі болғанын
қадағалау қажет.
Ғылыми-техникалық мәтіндерді аударуда 3 критерий бірдей
негізге алынады: 1) лингвистикалық; 2) қолданбалы-практикалық
және 3) әлеуметтік-психологиялық факторлар. 1-фактор бойынша
балама аударма тіл заңдылықтарына сай болады. 2-фактор
бойынша түсініктілік, уәжділік, айырымдық мәнінің жеткіліктілігі,
ықшамдық-икемділігі ескеріледі. 3-фактор бойынша аударма
мәтінді қолданушы адамдардың
дайындығы есте болған жөн
(Мысалы қысқарған атауларды қазіргі кезде тарқатып аударған
тиімді).
Ғылыми-техникалық мәтіндер, негізінен, әдеби тіл нормасына
сәйкес келеді. Сондықтан аудармашы нормадан ауытқудың
шамасын межелеп алып, сонан соң нормамен салғастыруы керек.
Ғылыми-техникалық мәтіндерде стереотип көп қолданыла-
тынын есте ұстаған жөн.
Ғылыми-техникалық мәтінде ауыспалы мағына тек қана
бейнелілігі көмескіленген концептуалдық метафора күйінде ғана
қолданыла алады.
Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер.
Мұндай
мәтіндерде ғылымның басқа салаларына да ортақ атаулар мен
тіркестер қолданыла береді.
Ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару тәжірибесіне қара-
ғанда, оларды екі топқа бөлуге болады: бұрын белгілі ұғымдар
қолданылатын мәтіндер және жаңа ұғымдар енгізілген мәтіндер.
79
Бірінші жағдайда балама қостілді тезаурустан (сөздік, анықтама
т.с.с.), екінші жағдайда жаңа термин енгізу қажеттігі туады.
Термин жағдайы абсольютті жағдай емес. Өйткені бір тілдегі жаңа
сөз екінші сөзде жаңа болып есептелмеуі мүмкін. Осыған орай, екі
бағытты ескеру қажет: 1) тілде бар дайын сөзді қолдану; 2) жаңа
балама жасау. Мұндайда мынадай берік шартты ұстанған жөн:
прагматикалық талапты ескеріп, атаудың
терминологиялық емес
өлшемдермен алғанда баламалылығы мен дұрыстығына сүйену.
Шарттылық пен дәстүрдің арасалмағы таразыланып отырады.
Терминдегі мағына екіұштылығын жою үшін контекст қыз-
метін пайдаланған жөн.
Калькамен аударуға рұқсат беріледі. Бірақ мағыналық калька
басты назарда болуы керек. Сөз санын сақтау міндет емес.
Кей сөзді калькамен аударуға болса да, аударма тілдегі сөз
әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық факторға сүйеніп басқа
балама алуға болады (сварка – пісіру емес, дәнекерлеу, шов – тігіс
емес, жік т.с.с.).
Халықаралық деңгейде кең қолданылатын, көп халыққа сіңісті
терминдерді аударуға транскрипция әдісі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: