87
1) жазбаша тіл – алдын ала дайындалуды,
жазылған
сөйлемдерді өзгертіп, мәтінді өңдеп отыруға мүмкіндік береді
де соны талап етеді. Ілеспе аударма ауызекі сөйлеуге негізделіп,
соның заңдылықтарына бағынады. Сондықтан ауыздан шығып
кеткен сөздерді қайтарып алу мүмкін емес, яғни сөйлемді қайта
жөндеуге болмайды.
2) Жазбаша аудармада берілген мәтінді қайта-қайта оқып,
ұғынуға аудармашының өз еркі болса, ілеспеде ондай мүмкіндік
тағы да жоқ. Көбінесе аударып отырған сөйлемді де аяғына
дейін тыңдап алуға болмайды. Мысалы, орысшадан қазақшаға
аударғанда сөйлемнің басынан бөлшектеп аудара береміз.
Әрине, қазақшадан орысшаға аударғанда
сөйлемді аяғына дейін
тыңдап алмаса, ең маңызды мүшесі – баяндауыш – соңғы орын
алатындығынан, оның алдындағы сөйлем мүшелерін аударғанда
мағынасында олқылықтар тууы мүмкін.
3) Сонымен ілеспе аудармада мәтінмен алдын ала толық
танысуға мүмкіндік болмайды, ал кейбір сөздердің астарлы
мағынасы тек қана контексте анықталатынын ескерсек, ілеспе
аударманың келесі қиындығына көзіміз жетеді.
4) Тыңдап алған сөйлемді аударып жатқанда баяндамашы сізді
күтпейді:
жаңа ойға, жаңа сөйлемге баса береді. Осыдан ілеспе
аударманың келесі айырмашылығы туындайды: ілеспе аудармашы
мәліметті жүйрік қағып алып, өте шұғыл шешім қабылдап, ұққан
мәліметті барынша екінші тілде жеткізу керек. Сонымен ілеспе
аудармашы көзді ашып жұмғанша бірден үш әрекет жасайды: 1)
тыңдап, мәліметті қабылдау, түсіну; 2) екінші тілде сол мағынаны
өзгертпей жеткізу үшін лайық сөздер, тұрақты тіркестер, мақал-
мәтелдерді есіне түсіру; 3) ойында құрылған сөйлемді дауыстап
айтып отырып, жаңа сөйлемді тыңдап, ұғына білу. Сонымен,
аударманың басқа түрлеріне
қарағанда, ілеспенің жылдамдығы
мен көпқырлылығын атап өту қажет. Мәтіннің түпнұсқасы мен
аудармасының арасында тек минуттар өтеді.
Ілеспе аударма ойдағыдай шығу үшін оны орындаушы тек
қана қостілді маман емес, екі халықтың мәдениетін, тарихын,
менталитетін, ұлттық психологиясын жақсы білетін, дикциясы
анық, дауысы тартымды, сөйлеу
ырғағын мағынамен тікелей
байланыстырып өзіне бағындыратын, сөзге шешен болуы
88
міндетті. Сонымен қатар ілеспе аудармашының зор жауапкершілігі
мен тапқырлығы, екі тілді бірдей меңгеріп, еркін қолдана білуі
(көркем аудармада «подстрочник» деген ұғым бар да, көркем
аудармашы
нұсқаның тілін жете білмей-ақ, біреудің даярлап
берген «подстрочник» арқылы өз міндетін атқара беруі мүмкін,
ілеспеде ол мүлдем мүмкін емес), көзқарасының жан-жақты
болуы, әңгімелеп отырған тақырыпты терең білуі осы салада
қойылатын кәсіби талаптардың бір қатары. Бірақ осы қасиеттердің
бәрі де бола тұрып, ойдың жүйріктігі ақсаңдаса, ілеспе аудармашы
болу әлдеқалай. Себебі ілеспенің ең басыңқы ерекшелігі – осы
жүйріктікте. Сөйлеу іс әрекеті көптеген басқа психофизикалық
әрекеттермен байланысып, соларға негізделгендіктен, сөйлеп
отырған
адамға ілесіп, жаңа ғана дыбысталып сөйлем болып
шыққан мәліметті дәл сол кезде екінші тілге аударып шығару
да аудармашыдан қабілеттілікті талап етеді. Әрине, бұл – ілеспе
аудармашыға қойылатын ерекше талаптар. Олар көптеген
арнайы дайындық, жаттығулар арқылы пайда болып, дағдыға
айналады. Қостілділік негізінде екі этносты, олардың мәдениетін
ұштастыратын ілеспе аудармашы; қорыта келгенде, ол – білімді,
мәдениетті, парасатты, қостілді кәсіби маман.
Достарыңызбен бөлісу: