91
келтірмей, қайта қажетсіз қайталана беріп шұбатылудан сақтайды.
Және осы тәсіл аударманың неше түрлі лексикалық қосымшалар
пайдаланғаннан көлемін өсірмеу үшін қолданылады.
4)
Әрбір сөзді жеке аудару тәсілі (прием пословного перевода)
аударманың соңғы нұсқасында емес, аударма процесінің
барысында, яғни аралық кезеңде, көбірек қолданылады. Оған
себеп түпнұсқадағы мағынаны дәл
жеткізу жолында аудармашы
шешімге келу үшін неше түрлі варианттарды қарастырады. Әрине,
әуелі сөзбе сөз аудару болады, кейін соның негізінде контекске сай
тілдік бірліктер таңдалады.
5) Аударма тілінде лексикалық мағынасы өзгеше болғанымен
түпнұсқаның контексіне сай сөзбен ауыстыру тәсілі
(контекстуальная замена). Бұл тәсіл ауызекі сөйлеу тілінде,
көркем әдебиетте, публицистикалық шығармаларда көбірек
кездеседі. Мысалы, Н.В.Гогольдің «Ревизор» атты комедиясында
Анна Андреевна (қызына ренжіп):
Через два часа! Покорнейше
благодарю. Вот одолжила ответом! – Екі сағаттан соң!
Қатқаныңның басы! Уай, шіркіннің жауабын-ай! (Аударған –
М.О.Әуезов).
Түпнұсқа мен
аударма мәтіндерді салыстырсақ, аударма
жоғары сапалы, себебі түпнұсқаның мазмұны да, кейіпкердің
эмоциялары, ауызекі тілінің стильдік реңі – бәрі де қазақстандық
аударматанудың іргетасын қалаған М.О.Әуезовтың шығармасында
дәл келтірілген. Осы нәтижеге жетуде шебер аудармашы қандай
тәсілдерді қолданған? Орыс тілінде наразылықты білдіретін
«
Покорнейше благодарю» аудармада
сөйлеу барысында
атқаратын қызметі тең «
қатқаныңның басы!» деп келтірілген.
Әрине, бұл тілдік бірліктер ешбір қазақша-орысша, орысша-
қазақша сөздікте эквивалент болып берілмеген, себебі контекстен
тыс жағдайда мағыналары тең болмауы да мүмкін: мысалы,
«
Покорнейше благодарю» өзінің тура мағынасында қолданылып,
«ризашылық білдірсе», орыстың
«Вот» шылауы
«Міне, мынау»
деп аударылады, ал Әуезов бұл аударманы білмегендігінен
«Уай!» деген
одағай сөзбен аударып отырған жоқ: лексикалық
мағынаның теңдігінен гөрі контекске сүйеніп, жалпы стильдік
реңінің ұқсастығы артық екенін осы ауыстырудың өте орынды
екенін дәлелдейміз. Сол контекстің әсерімен кейіпкердің үшінші
сөйлемі «
Вот одолжила ответом!» қазақша аудармасында тек
92
бір ғана сөзді сақтап қалған болса да
«Уай, шіркіннің жауабын-
ай!» (ответ – жауап)
, аударманың сапасын жоғары көтермесе,
түсірмейді.
Байқасақ, аудармада алғашқы түпнұсқаның тілдік
бірліктердің жобамен 20-30%-ы ғана орын алған, қалған 80-70%-
ы контекст тудырып отырған мағынаға сай аударылған.
6) Түпнұсқа тілі мен аударма тілінде мағынасы тең, эквивалентті
болып келген сөздер болмаған кезде
мағынасы кеңірек (жалпы)
сөздерді
мағынасы нақты сөзге ауыстыру тәсілі (прием
конкретизации) және оған қарама-қарсы
мағынасы нақты сөзді
мағынасы кеңірек (жалпы) сөзге ауыстыру тәсілі қолданылады.
Мысалы, мал шаруашылығы
жете дамыған қазақ халқының
тілінде мал атаулары соншалықты толық, жеткілікті жүйе болып
қалыптасқаны қазақ лексикасының байлығы болып табылады.
Ал сол атауларды басқа тілге, мысалы, орысшаға аударсақ,
тана,
тайынша, құнажын, дөнежін т.б. сол сияқты мал атауларының
бір сөзден тұратын лексикалық сәйкестіктерін таба алмаймыз.
Сондықтан ‘
тана’ мен
‘тайынша’ деген сөздерді
‘бұзау’ сөзіне
теңестіріп
‘теленок’ деген сөзбен
, ал
‘құнажын’, ‘дөнежін’ –
Достарыңызбен бөлісу: