12
сөйлеудегі жұмсалымы. Ал аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге
асады деген сұраққа Л.С.Бархударовтың төмендегі пікірімен жауап
беруге болады:
1) фонема (графема)
деңгейіндегі аударма;
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3) сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз
тіркесі деңгейіндегі аударма;
5) сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мәтін деңгейіндегі аударма [1, 176-184-бб.]. Бұл пікірге
былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға
аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын
тілдің фонетикалық
заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге
аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау;
ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен
айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: