19
1-кезең – картада бар мәліметтердің қатысымен шешілетін мәселелерді алға
қою;
2-кезең – дайындық кезеңі;
3-кезең – зерттеуді жүргізу;
4-кезең – алынған мәліметтерді сараптау, өңдеу.
Алғашқы кезең картаны құрастырудың мақсатын анықтап алғаннан кейін
басталып, кейіннен нақтылы математикалық сипатта анықталады.
ArcGIS мәліметтерді өңдеуде жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар,
геоақпараттық жүйелерді толық каталог түрінде құрып,
картография саласында
кеңінен қолданылатын бағдарлама болып табылады. Бұл ESRI фирмасының
өніміне жатып, өзара байланысқан 3 базалық мүмкіндіктердің жиынтығы, яғни
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox-тың. Бұлар арқылы картографиялау,
мәліметтерді басқару және редакциялау, кеңістіктік талдау, оларды геоөңдеуден
өткізу сияқты көптеген ГАЖ-функцияларын шешуге мүмкіндік береді.
Сондықтан, бұл бағдарлама, толық-функционалды,
интегрирленген және
масштабталған жүйеге жатады. Мұның қызметінің толық орындалуы үшін,
құрамдас бөліктерінің жұмыстарына тоқтауға тура келеді. Мысалы, ArcMap
қосымшасында карта құрастырудағы картаны байлау, сандау, мәліметтерді енгізу,
редакциялау жұмыстары жүргізіледі. Осы орындалатын функциялар ArcGIS –тің
атқарылатын қызметінің негізгі жұмыстары болып табылады. Ол екі бөлімнен
тұрады. Біріншісі, географиялық мәліметтерді картаға енгізу, қабаттармен жұмыс
істеу, редакциялау, географиялық мәліметтерді бейнелейтін белгілерге талдау
жасау және т.б. жұмыстар атқарылады.
Екіншісі, компановка, яғни картаны қағаз бетіне басып шығаруға дайындау.
Бұл бөлімде карта безендіріледі, легендасы құрастырылады, тақырыбы жазылады,
масштабы бекітіліп көрсетіледі, солтүстік бағыттаушысы қойылады және қағаз
өлшемі беріледі. ArcCatalog - геомәліметтер базасын құру, кеңістіктік
мәліметтерді басқару, яғни оларды қабаттарға бөлу үшін метамәліметтерді құру,
бақылау, басқару сияқты қызметтер атқарылады.
ArcToolbox - геомәліметтерді өңдеуге арналған
көптеген құралдарды
сақтайтын қосымша. Мысалы, полигональды нысандарды сызықтыққа немесе
керісінше, тұйық сызықты нысандарды полигональдыға аударатын құралдарды
сақтай алады [89]. Мұның қызметінің іске асырылуы 1-суретте көрсетілген.
20
1 -сурет - ArcToolbox қосымшасында жұмыс істеу
Сандық карталарды құру жұмысы келесі жұмыстардың кезектесіп
орындалуымен іске асырылады:
- растрлық бейнелерді байлау;
- кеңістіктік нысандарды векторлау (сандық қабаттарды құру);
- атрибутты (қосымша) кестені құру және толтыру;
- сандық карталарды безендіру.
Карталарды өңдеуге дайындық кезеңіндегі бірінші қадам – бұл байлау
(растрлық бейнені тіркеу).
Растрлық бейне дегеніміз бұл суреттің, фотосуреттің немесе қандай да бір
графикалық материалдың растрдың нүктелік жиынтығы
ретінде компьютерде
сипатталуы.
Растрлық бейненің цифрленуі онда сипатталған нысандардың (мысалы,
облыстар, аудандар, көлдер аймақтық объектілер түрінде болуы мүмкін; жолдар,
электрберу сызықтары, газ және мұнай құбарлары, өзендер сызықтық объектілер
түрінде; құдықтар, бақылау постары, көпірлер, биіктік белгілері нүкте түрінде)
векторлық түрде сипатталуымен ерекшеленеді.
Цифрлау барысында сапалы нәтиже алу үшін қарапайым, бірақ қажетті
қағидаларды ұстану керек:
1. Әр түрлі географиялық класстар белгілерін (нүкте, сызық, полигон) әр
түрлі қабаттарға орналастыру керек;
2. Әр түрлі тақырыптық класс белгілерін әр түрлі қабаттарға орналастыру
керек (мысалы, жолдар мен өзендердің сегменттерін бір қабатқа орналастырса, әр
түрлі қабаттағыларға қарағанда олар компьютердің көп ресурстарын алып
жатады).
3. Сызықтық нысандарды векторлау кезінде кем дегенде үш
сызық
қиылысатын жерді таңдау керек. Жаңа сызықтың басын Snap режимінде дәл
байланыстыру керек (S батырмасын қосып және өшіріп) және жаңа сызықты
келесі қиылысуға дейін векторлау қажет. Сызықтың қиылыспайтын нүктелерінде
22
3-кесте - Ландшафттық-экологиялық картографиялау барысындағы мәліметтерді геоақпараттық өңдеудің
мазмұны мен кезектестігі
Өңдеу этаптары
Өңдеу барысында
атқарылатын
жұмыстар
ArcGIS қызметтері мен
құрылғылары
Нәтижелері
1. Мәліметтерді
жинақтау
мен
алғашқы
өңдеуден өткізу
Мәліметтер
базасын
құру,
атрибутивті кетселерді толтыру
ArcCatalog-тың
векторлау
құралдары мен ArcMap-тың
редактор құралдары
Мәліметтер
базасы
және
алғашқы
тақырыптық қабаттар
және олардың құрамы
2.
Жаңа
мәліметтерді алу
(талдау)
Барлық жиналған мәліметтерді ГАЖ
бағдарламасы
бойынша
өңдеуге
қолайлы бір форматқа келтіру; ГАЖ-
да карта алгебрасының алгоритмін
пайдалана
отырып
алғашқы
мәліметтердің негізінде тақырыптық
карталарды құрастыру
ArcGIS Spatial Analyst-қа
«конверттеу»;
ArcGIS
Spatial
Analyst бойынша
"тығыздығы"
Алғашқы тақырыптық
растрлар,
жаңа
аналиимкалық
көрсеткіштер
3. Мәліметтерді
қайта
жіктеу,
қарастыру
(анализ
және
бағалау)
Тақырыптық шкалаларды единой
қалыпты
шкала
мәліметтерімен
алмастыру
«Қайта классификациялау»
ArcGIS Spatial Analyst
Нақты
шкалалары
белгіленген
қайта
өңделген тақырыптық
карталар
4.
Мәліметтер
жинағын
өңдеу
(синтез)
Тақырыптық карталарды бір-біріне
беттестіру
ArcGIS Spatial Analyst-тің
"Есептік калькуляция"
Синтездің нәтижесінде
алынған
жаңа
тақырыптық карталар
5.Ландшафттарды
тіркеп,
тексеріп,
шекараларын
анықтау
Ландшафттық
карталардың
векторлық
полигондарын
орта
мәндерін анықтап, есептеу
«Зоналық
статистика»
ArcGIS Spatial Analyst
Векторлық карталар