32
Үш өлшемді векторлық мәліметтер – геометриялық пішіндермен қоса
сақталынатын және Z-мәніне ие векторлық мәліметтердің негізі болып саналады.
Жұмысты орындау барысында Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы
топографиялық картасы мен ауданның DEM үлгісі де негізге алынып, ArcGIS 10. 1
бағдарламасы арқылы топонегізден басты нысандары,
яғни жол тораптар, өзен-
көлдер, елді мекендер, биіктік нүктелер және қабатальдары цифрленді (5, 6, 7-
сурет).
5- cурет - Топографиялық карта,
Масштабы 1:100 000
6-cурет - Бедер қабатальдары
Арнайы карта құрастыруда мәліметтері бар нысандарды пайдалана отырып,
бағдарламаның 3D Analyst деген қосымшасындағы Data Management деген
функциясының ішіндегі TIN үлгісін құру деген нұсқаулықты таңдап, шыққан
көмекші терезеден қажетті қабаттарды таңдап алдық (7-cурет).
7-cурет - TIN үлгісін құру
33
TIN үлгісін құру барысындағы қосымша терезенің сол жағында үлгіні
құрастыруға пайдаланылатын қабаттардан және оң жағында –
абсолюттік
биіктіктер мәндерінен тұрады.
Таңдалған қабаттардың негізінде TIN үлгісін құрастырамыз (8-cурет).
8-cурет - Жамбыл ауданының TIN үлгісі
Өңдеуден өткен TIN қабаты қасиеттерін шақырып, содан Symbology деген
қосымшаны таңдап, берілген суреттегі қадамдарды жасаймыз. Қажет жағдайда
бедерге берілетін түстерді өзгертуге де болады Келесі атқарылатын қадам, TIN-ді
GRID-ке конверттейміз (3D Analyst – Convert – TIN to Raster), сонымен қатар
GRID-ке ұяшық таңдауға болады (9-cурет).
9-cурет - Биіктіктерге түс таңдау шкаласы және TIN-ді GRID-ке конверттеу
TIN-ді GRID-ке конверттейтін қосымша терезеде
белгіленген жерде GRID
ұяшығын таңдап, қажетті мәліметті енгіземіз. Бұл үлгіні де TIN-ді өңдеу кезінде
атқарылған қадамдарды қайталау арқылы орындаймыз. Ескерілетін жағдай, түс
таңдау барысында бұл жағдайда жасыл түсті аймақ үлкен өлшемге ие, ал қоңыр –
төмен көрсеткішті аймақтар.
Келесі қадамда 3D Analyst - Surface Analysis – Hillshade командаларын
таңдау арқылы, қосымша терезеде күннің түсу бағыты мен орналасу биіктігін
34
таңдаймыз. Қажет жағдайда Cell Size деген жерде GRID-ке берілген ұяшық санын
көрсетуге болады.
Hillshade командасы арқылы қосымша терезені ашып, пайда болған үлгіні
Grid
қабатының астына орналастырып, қасиеттерін (Properties) шақырып, бұл
қабаттағы Display-ді таңдап, ашықтығына 40 деп береміз (10-cурет).
10-cурет - GRID ұяшығын таңдау, қосымша терезеден Hillshade үлгісінің
қасиеттерін таңдау
Аталған қадамдарды жасағаннан кейін Жамбыл ауданының 1:100 000
масштабтағы еңістіктік картасы құрастырылды (Қосымша В). Зерттелетін
нысанның аумағында бедердің еңкіштігі 0º-тан 45º-тан жоғары аралықтарда
орналасқан. Аталған деңгейлер картографиялық мәнге ие болмауына байланысты,
карталарды құрастыру және өңдеу талаптарына сәйкес оларды 0º-тан 1
о
дейін
және >45º-тан жоғары деп көрсеттік.
Бұл карталарды кеңістіктік байламдарды анықтауда пайдалану өте тиімді.
Осы үлгіні пайдалана отырып таулар, аңғарлар, биік нысандар мен басқа да үш
өлшемді заттардың арасындағы байланысты анықтауда көп септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: