Құрамы мен құрылысын, физикалық химиялық қасиеттерін зерттейді


Формациялар-белгілі бір геотектоникалық режим жағдайында қалыптасқан литологиялық құрамы әр түрлі таужыныстар комплекстері.  Геоморфология



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.12.2023
өлшемі209.04 Kb.
#487138
түріҚұрамы
1   2   3   4
Глоссарий

Формациялар-белгілі бір геотектоникалық режим жағдайында қалыптасқан литологиялық
құрамы әр түрлі таужыныстар комплекстері. 
Геоморфология 
Аңғар – табаны ылдиланып кететін ұзынша ойыс. Өзен және тау аңғары болады.
Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер.
Жазық – жер бетінің біршама тегіс немесе белесті алқабы. Жазықтың әр жеріндегі биіктіктер бір – 
бірінен онша ерекшеленбейді.
Қырат – жер бетінің маңайындағы жазықтан оқшау көтеріліп жатқан алқабы.
Абсолют биіктігі 200-500 м-ге дейін барады.
Метаморфтық тау жынысы – жер қойнауындағы жоғары температура мен үлкен қысымның 
әсерінен өзегріп, бір түрден екінші бір түрге айналған тау жынысы.  
Ойпат – абсолют биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.
Сай – ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістелген және беткейлері түйетайлыланып, 
өсімдік басқан кезі.
Сырғыма – тау не қыраттың беткейінен, өзен жарқабағынан, теңіз, өзен, көл жиегінен тау жынысы 
қабатының опырылып, төмен қарай түсіп кетуі.
Тау – жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, беткейлері қия болып 
келетін биік бөлігі.
Тау жотасы – ұзыннан созылып жатқан, бір – біріне қарама – қарсы беткеймен шектелген тау 
алқабы.
Таулы қырат – жеке жота мен тау шоғырлары биік үстірттермен тұтасып жататын, аса көлемді
орасан зор, биік тау алқабы.
Төбе – пішіні дөңгеленген не сопақша келген шағын қыр.
Түбек – құрлықтың теңізге, көлге сұғына кіріп тұрған, үш жағына сумен қоршалып жатқан бөлігі.
Үстірт – үсті тегіс не белесті, маңайындағы жазықтардан жарқабақпен оқшауланып тұратын қыраң 
жазық.
Шатқал – тау беткейлері қия келетін әрі терең әрі тар аңғарлары.
Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы 
қозғалысы.
Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі.Бұдан 1 млн жыл 
бұрын басталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет