Есептуіш желі. Типті сымсыз желінің жай желіден айырмашылығы, тек беру ортасы
ғана болады. Сымсыз трансиверлі желілік адаптер әрбір компьютерге орнатылғандықтан,
пайдаланушылар, компьютерлер кабельмен жалғанғандай жұмыс істейді.
Трансивер қалған желімен сымсыз қосылған компьютерлер арасында сигналдар
ауысуын қамтамасыз ететін, кейде қатынау нүктесі (access point) деп аталады.
Сымсыз ЖЕЖ үлкен емес қабырғалы трансивер пайдаланылады. Олар
тасымалданатын құрылғылар арасында радоиконтакт орнатады. Осы трансиверлерді
қолданғандықтан, мұндай желіні толық сымсыз желі деп атауға болмайды.
Сымсыз жергілікті желі мәліметтерді берудің төрт әдісін пайдаланады:
-
инфрақызыл сәуле;
-
лазер;
-
тар спектрдегі радиохабар (бір жиілікті беру);
-
бытыраңқы спектрдегі радиохабар.
Барлық инфрақызылды сымсыз желілер мәліметтер беруде инфрақызыл сәулені
пайдаланады. Осындай жүйеде өте күшті сигнал беру қажет, әйтпесе оған басқа да көздер
әсер етеді, мысалы, терезе.
Инфрақызыл түс жиілігі кең ауқымды болғандықтан, осы тәсіл сигналдарды жоғарғы
жылдамдықпен беруге мүмкіндік береді. Инфрақызылды желі 10 Мбит/с жылдамдықта
дұрыс қызмет атқара алады.
Инфрақызылды желі төрт түрге бөлінеді:
1. Тікелей көрінетін желі. Аты айтып тұрғандай, хабарлағыш пен қабылдағыш
арасында тікелей көрінетін жағдайда ғана беру мүмкін болады.
2. Бытыраңқы инфрақызыл сәуле. Мұндай технологияда сигналдар төбе мен
кабырғаларға шағылысып, аяғында кабылдағышқа жетеді. Tиімді аймақ 30 м (100 фут)
шектеледі және беру жылдамдығы үлкен емес (барлық сигналдар шағылысады).
3. Шағылысқан инфрақызыл сәуле.
Бұл желіде компьютер жанына орналасқан оптикалық трансиверлер сигналдарды
белгілі бір орынға береді, одан олар сәйкес компьютерге қайта жолданады.
4. Кеңжолакты оптикалық желі. Бұл инфракызылды сымсыз желі кеңжолақты қызмет
атқарады. Олар мультимедия ортасының катаң талаптарына сәйкес келеді және кабельді
желі сияқты болады.
Инфрақызыл желілерді пайдаланған өте қолайлы және жылдам болғанымен,
сигналдарды 30 м-ден артық қашықтыққа беру кезінде киындықтар туындайды. Осындай
желі көптеген ұйымдарда болатын күшті көздерден шығатын бөгеттерге жиі соқтығысады.
Хабарлағыш пен қабылдағыш арасындағы тікелей көрінуді талап ететіндіктен, лазер
технологиясы инфрақызылға ұқсайды. Егер қандай-да бір себеппен сәуле үзілген болса,
онда беру де үзіледі.
Tap спектпрдегі радиохабарлағыш (бір жиілікті беру).
Бұл тәсіл кәдімгі радио
стансасының радио хабары сияқты. Пайдаланушылар хабарлағыш пен қабылдағыштарды
бір жиілікке келтіреді. Сонымен бірге тікелей көріну міндетті емес, хабарлау алаңы 46500
м2 (500000 квадратты фут) болады.
Пайдаланушылар жоғарғы жиілікті сигналдар - металды немесе темір бетонды
бөгеттерге кірмейді.
Сол байланыс әдісімен қатынауды қызметпен жабдықтаушы арқылы болады,
мысалы, Motorola (Қызметпен жабдықтаушы FCC- тың (Federal Communications Commission)
барлық талаптарына сай келеді. Байланыс, сәйкесінше, жай (4,8 Мбит/с) болады.
Бытыраңқы спектрдегі радиохабарлагыш. Бұл әдісте сигналдар кейбір жиілікті
жолақтармен беріледі, бұл бір жиілікті беруге тән байланыс проблемаларынан құтылуға
мүмкіндік береді.
Қатынау жиілігі арналарға немесе интервалдарға бөлінеді. Алдын ала аралық уақытта
орнатылған интервалға келтіріледі, одан кейін басқа интервалға қосылады. Желідегі
барлық компьютерлердің қайта қосылуы синхронды болады.
Мәліметтерді рұқсат етілмеген қатынаудан қорғау үшін кодтау қолданылады.
Мәліметтерді 250 Кбит/с жылдамдықпен беру әдісі ең қарапайым топқа жатады.
Мәліметтерді 2 Мбит/с жылдамдықпен ашық жерлерде 3,2 км кашықтыққа, ал
мекеме ішінде 120 м-ге дейін бере алатын, осының негізінде құрылған желі бар.
Осы жағдайда технология шынымен сымсыз желі алуға мүмкіндік береді. Мысалы,
Microsoft Windows 95 немесе Microsoft Windows NT түрлі операциялық жүйелермен Xircom
CreditCard Netwave адаптерлермен жабдықталған екі (немесе одан да көп) компьютерлер
бір рангілі желі ретінде кабельсіз қызмет атқара алады. Сонымен катар, Windows NT Server
негізіндегі желі жұмыс істесе, Сіз Netwave Acces Point қүрылғы Windows NT желіні бір
компьютерге қосып, желілерді байланыстыра аласыз.
Беріліс әдісі желінің анықталған шектеулерінен бірнеше рет шығып кетеді. Шалғай
құрылғылар мен компьютерлер арасындағы әрекеттестік айырмашылығы “нүкте-нүкте”
беру технологиясында мәліметтер ауысуы компьютерлер арасында ғана болады. Бірақ
сымсыз беру желісін ұйымдастыру үшін хост-трансивер және жеке қосымша компоненттер
пайдалану керек. Оларды автономды компьютер сияқты желіге қосылған компьютерлерге
де орнатуға болады.
Мәліметтерді
жүйелі
беруге
негізделген,
бұл
технология
мыналарды
қамтамасыздандырады:
-
“нүктеден-нүктеге” радиоарнаны пайдалана отырып, жоғарғы жылдамдықта және
қатесіз беру;
-
қабырға мен жабудан сигналдардың өтуі;
-
мекеме ішіндегі 1,2-ден 38,4 Кбит/с-қа дейін, 60 м-ге дейінгі қашықтыққа және
тікелей көріну шартымен 530 м-ге беру жылдамдығы.
Мұндай жүйе сигналды компьютерлер арасында, компьютерлер мен басқа да
кұрылғылар арасында, мысалы принтерлер мен штрих- кодты сканерлерге бере алады.
Сымсыз компоненттердің кейбір түрлері кабельді желіде олардың аналогтары сияқты
кеңейтілген жергілікті есептеуіш желіде қызмет атқарады. Сымсыз көпір бір-бірінен үш
мильге дейінгі қашықтықта орналасқан желіні біріктіреді.
Сымсыз көпір (wireless bridge) деп аталатын компонент кабелсіз мекемелер арасында
байланыс орнатуға көмектеседі. Кәдімгі көпір адамдардың өзеннің бір жағалауынан
екіншісіне өту үшін қандай қызмет атқарса, сымсыз көпір сол сияқты екі мекеме арасында
мәліметтерге өту үшін жол салады. AIRLAN/Bridge PLUS көпірі ЖЕЖ-ні біріктіретін
магистраль құру үшін бытыраңқы спектрде радиохабарлағыш технологиясын
пайдаланады. Олардың арасындағы қашықтық жағдайға байланысты 5 км-ге жетуі мүмкін.
Мұндай құрылғының пайдаланылу күны шектен тыс болып көрінбейді, өйткені байланыс
жолдарын жалдау қажеттілігі болмайды.
Егер сымсыз көпір “жапқан” қашықтық жеткіліксіз болса, онда алыс көпір құруға
болады. Қашықтығы 40 м-ге дейін Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін,
ол бытыраңқы спектрдегі радиохабарлағыш технологиясын пайдаланады. Оның құны
(кәдімгі сымсыз көпір сияқты) соншалықты қымбат емес, өйткені T1 тізбегі немесе
микротолкынды арналарды жалдау шығыны болмайды. T1 тізбегі - бұл 1,544 Мбит/с
жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін
арналған стандартты цифрлық тізбек. Ол арқылы сөйлесуге және мәліметтер беруге
болады.
Қоғамдық қызмет пен телефон жүйесі сымсыз ұтқыр (мобилдік) желілердегі беріліс
ортасы. Мұнда:
-
дестелі радиобіріктіру;
-
ұялы (сотовый) желі;
-
спутниктік станса қолданылады.
Үнемі жүріп-тұратын қызметкерлер мұндай технологияларды пайдалана алады:
өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Digital Assistants)
болса, олар файлдармен, электронды пошта мен басқа да ақпараттармен ауысып отырады.
Мүндай байланыс түрі ыңғайлы болғанымен, өте баяу. Беру жылдамдығы 8 Кбит/с-
тан 28,8 Кбит/с-қа дейін. Ал егер қатені түзету жүйесі қосылса, онда жылдамдық одан да
баяулай түседі.
Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желіге қосу үшін ұялы (кәрезді) байланыс
технологиясы қолданылатын сымсыз адаптер пайдаланылады. Тасымалды компьютерлер
орнатылған
кішігірім
антенналар,
оларды
қоршаған
радиотрансляторлармен
байланыстырады.
Дестелі радиобіріктіру кезінде мына ақпараттан құралатын дестелерге (желілік десте
сия.қты) бөлінеді:
-
көздің мекен-жайы;
-
қабылдығыш мекен-жайы;
-
қателерді түзегуге арналған ақпарат.
Дестелер кеңхабарлау режимінде трансляцияланатын спутникке беріледі. Содан
мекен-жайлары сәйкес келетін құрылғылар бұл дестелерді қабылдайды.
Мәліметтердің ұялы (кәрездік) цифрлық дестелері (Cellular Digital Packet Data, CDPD)
ұялы (кәрезді) телефондар пайдаланатын технологияны пайдаланады. Олар желі бос
болған мезгілде сөйлесуді беріліс желісімен береді. Бұл өте жылдам байланыс
технологиясы.
Кәрезді желіде басқа да сымсыз желілердегі сияқты, кабельді желіге қосылу әдісін
табу керек. Nortel out ofMississauga (Онтарио, Канада) компаниясы, осы мақсатқа арналған
интерфейсті блок Ethernet-ті (Ethernet Interface Unit, EIU) өндіреді.
Микротолқынды технология - кішігірім компакты жүйе мекемелер арасындағы
әрекеттестікті ұйымдастырады, мысалы, университеттік қалашықтарда.
Қазір микротолқынды технология - Құрама Штатарда мәліметтерді алыс қашықтыққа
берудегі кеңінен таралған әдіс.
Мынадай екі нүктенің:
-
спутник пен жердегі стансаның;
-
екі мекеменің;
-
үлкен ашық жазықтықты бөлетін кез келген объектілердің тікелей көріну
әрекеттестігіне қолайлы.
Микротолқынды жүйе мына компонентерден құралады:
-
екі бағытты антеннадан.
-
трансивер беретін сигналдарды қабылдау үшін олар бір-біріне бағытталған. Үлкен
қашықтықтарды қамту мақсатында бұл антеннаны мұнараға орнатады.
Адаптер және трансиверді қалыпқа келтіру.
Дербес компьютердің желі ішінде жұмыс істеуі үшін желілік адаптерді дұрыс орнатып,
жұмысқа келтіру керек. PnP стандартына сай келетін адаптердің қалыпқа келтірілуі
автоматты түрде жүргізіледі. Басқа жағдайда IRQ (Interrupt Request Line) және кіріс/шығыс
мекен- жайына жолданымда (Input/Output address) үзіліс болғанда, сұраныс линиясын
қалыпқа келтіру қажет.
Kipic және шығыс мекен-жайы бұл үш белгілік он алтылық сан, ол аппаратты құрылғы
мен орталық процессор арасындағы коммуникациялық арнаны сәйкестендіреді. Желілік
адаптердің дұрыс жұмыс ісұеуі үшін, IRQ линиясы және кіріс/шығыс мекен-жайы жұмысқа
келтірілуі тиіс. Негізгі құрылғылар үшін IRQ үзілісі мен шығыс/кіріс мекен-жайына арналған
сұраулар бейнеленген.
Әдетте желілік карта конфликтпен жұмыс істейді, егер екі қүрылғыға бірдей pecypc
тағайындалған болса. Желілік карталар желілік қосылулардың әр түрлі типтерін ұстап
тұрады. Желілік карта мен желі арасындағы, физикалық интерфейсті трансивер деп атайды
- бұл берілгендерді алумен және жіберумен айналысады. Желілік карталардағы
трансиверлер сандық және аналогты белгілерді алып және жібере алады. Желілік карта
пайдаланатын интерфейс типі желілік картада анықталуы мүмкін. Джамперлер, трансивер
типін көрсету үшін жұмысқа келтірілуі мүмкін, оны желілік карта желісінің схемасына сай
пайдалануы тиіс.
Желілік адаптерлер тақшалары компьютердің арнайы ұяшықтарында - слоттарда
орнатылады. Ал тақшадағы ұяшыққа кабель трансивер арқылы жалғастырылады.
Тақшаның негізгі қызметтері:
-
компьютерден түсетін деректерді кабель арқылы жіберуге дайындау;
-
деректерді басқа компьютерге жіберу
-
деректердің ағымын басқару.
Желілік адаптердің тақшалары деректерді кабылдап, компьютердің орталық
процессорына түсінікті нысанда жібереді. Аппараттық және бағдарламалық ққрамдас
бөліктерден тұрады.
Компьютер ішінде деректер шиналар арқылы жеткізіледі. Әдетте шина - ол бір-біріне
жакын орналасқан сымдар тобы - өткізгіштер.
Шиналар 8, 16, 32-битті болады. Яғни деректерді 8, 16, 32 биттардан жіберіп отырады.
Басқаша айтқанда биттар параллель жіберіліп отырады деген мағынаны білдіреді. Ал
кабельде деректер тізбектеліп бір бірден жүреді. Желілік адаптер сол параллель жүріп
жатқан деректерді тізбектеп жібереді. Тізбектеліп өтіп жатқан сигналдарды трансивер
электрлі және оптикалы сигналдарға түрлендіреді. Желілік кабель бойымен деректер
біртіндеп тізбектеліп ағып жатқан биттар түрінде жүреді. Желілік тақша параллель түрдегі
деректерді қабылдап, тізбектеп бір бит түрінде жіберу үшін түрлендіреді.
Локалды желіде модем орнына негізгі плата ажыратпасында орнатылатын желілік
адаптерді (желілік карта, network adapter, net card) қолдануға болады. Тағы ISA
ажыратпасына орнатылатын карта бар, бірақ қазіргі карталар PCI ажыратпасына
орнатылады. Портативті компьютерлер үшін РСМСІА-адатттері бар. USB интерфейсі үшін де
желілік адаптерлер шықты.
Желілік адаптерді екі топқа бөлуге болады:
-
клиенттік компьютерлерге арналған адаптер;
-
серверге арналған адаптер.
Клиенттік компьютерге арналған адаптерде хабарламаны қабылдау және жіберу
бойынша жұмыстың бір бөлігі ДК-да орындалатын бағдарламаға жүктеледі. Мұндай
адаптер қарапайымдау және арзандау, бірақ ол косымша машинаның орталық
процессорын жүктейді.
Серверге арналған адаптер барлық керекті жұмысты атқаратын өзінің
процессорымен толықтырылады.
Желілік картаның негізгі сипаттамасы мыналар болып табылады:
-
бақылаушының орнатқан микросхемасы (микрочип);
-
разрядтылығы - 8, 16, 32 және 64 биттік желілік карталар (микрочи ппен
анықталады);
-
жіберу жылдамдығы - 10-нан 1000 бит/с -қа дейін;
-
жалғанған кабель түрі - жіңішке және қалың коаксиалды кабель, эрандалмаған жұп,
талшықты-оптикалық кабель;
-
мәліметті жіберуде ұстанатын стандарттар - Ethernet, IEEE 802.3, Token Ring, FDDI
және т.б.
Бакылаушы микросхемасының маңызы зор. Ол адаптердің көптеген параметрлерін,
соның ішінде жұмыстың тұрақтылығын және қолайлығын аныктайды. Бірнеше фирманың
микрочиптері компьютердің кейбір компоненттерімен шиеленіс тудырады. Ал Realtec, Intel
микрочиптері мұндай жағдайда көп қолайлы.
Желілік картада тұрақты есте сақтау құрылғысының BootROM чиптері орнатылады.
Желіні өзінің арасында байланыстыру үшін желі аралық интерфейс ретінде қайталағыштар,
көпірлер, маршруттаушылар және шлюздер әрекеттеседі.
Мәліметті жіберу аппаратымен және терминалды құрылғымен компьютердің
байланысу құрылғысы ретінде мыналар қолданылады:
-
сызықты адаптер;
-
мәліметті жіберу мультиплексоры;
-
байланыс процессоры.
Хабарларды нақты жолданатын мекен-жайға жеткізу үшін әp желілік тақша өзіндік
ерекше мекен-жайына ие болады (MAC- мекен-жай, Media Access Control), алты байтты код
түрінде ұсынылған (мысалы 24-CD-A9-P7-62-5A). Мекен-жай тақшаның микросхемасында
жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |