29
Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның:
1) статистикалық;
2) бухгалерлік;
3) қолма-қолдық (оперативтік) сияқты негізгі түрлері кіреді.
Жер кадастырының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке
алудың орны ерекше. Онда статистикалық жəне жедел есепке алу
сəттері жанастырылады.
Статистика деп əдетте, қоғамдық өмір немесе құбылыстар-
дың жан-жағын сипаттайтын сан
көрсеткіштері жиынтығын ай-
тады. Статистикалық есепке алуда мəліметтерді алу, өңдеу, тал-
дау бойынша айрықша тəсілдер қолданылады. Ол – толық, орта
шамалық жəне т.б. əдістер. Бұл əдістерді де жер кадастрында
қолданады.
Бухгалтерлік есепке алу өндіріс жүрісін, кірісті, шығысты,
қаржылық нəтижелерді көрсетіп бақылайды,
оның объектісі
шаруа шылық үдерістер, материалдық құндылықтар болып табы-
лады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі, оған есепке алынатын
екі жақты тексеру тəсілі тəн.
Жедел есепке алу объектісі болып жеке шаруашылық операция-
лар, сондай-ақ өндірістің жеке звенолары саналады. Жедел есепке
алуда натуралдық, ақшалық, еңбектік өлшемдер қолданады.
Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер
кадастрында кең қолданады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың
пайдалануын сипаттауда дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың
өнімділігі, өнімдердің шығымдары, жалпы құны, жалпы жəне таза
пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын мағлұматтарды
жер кадастрында кеңінен қолданады. Əсіресе, ақпараттар алудың,
өңдеудің, талдаудың статистикалық тəсілдері мəнді. Мысалы, жерді
есепке алуда,
бағалауда статистикалық топтау, бақылау жəне ба-
ланс əдістері, сондай-ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер,
корреляциялық талдаулар қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры
мағлұматтарын жер пайдалануды талдау барысында статистикалық,
бухгалтерлік жедел есепке алуда пайдаланады.
Жер кадастры жерді үйлеструмен өте тығыз байланыста. Олар
жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз
етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор жəне өндіріс
құралы ретінде қаралады. Жер қорларын тиімді пайдалану, олар-
30
ды аумақларды үйлестіру керектігін объективті түрде себептейді.
Нақты айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет жерді нысана-
лы, дұрыс пайдаланады. Осының нəтижесінде халықшаруашылық,
сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы аумақтық жағдайлар
жасалынады.
Шаруашылықаралық жерді үйлестіру үрдісінде пайдаланатын
жерлердің жаңа құрылымдары құрылып, қазіргі қолданыстағылары
ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлес-
тіруде өндірістік бөлімшелерді, шаруашылық орталықтарын,
жол желісін, алқаптарды жəне
ауыспалы егістерді ұйымдастыру,
бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орнала-
стыру мəселелері шешіледі. Телімлік жерді үйлестіруде аз көлемді
жер телімдерінің, массивтерінің
аумақтарын ұйымдастыру
мəселесі шешіледі.
Жерді үйлестіру мəселелерін шешу – республикамыздағы
барлық жерлер мен əр жер телімінің табиғи, шаруашылық жəне
құқықтық жай-күйлері туралы нақты мағлұматтар алу қажеттігін
білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл мағлұматтарды мемлекеттік
жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелиорация, рекультива-
ция, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мəліметтері
бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті
есепке алуды
жүргізуде алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске
асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлұматарды
алу жəне бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: