Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Хромосома түрлері. Гетеро- және эухроматин



Pdf көрінісі
бет14/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
1.11 Хромосома түрлері. Гетеро- және эухроматин. 
 
Метаболизмдік активация кезінде конденсацияланған хроматиннің кез 
келген аймағы диффузды формаға өте алмайды. 30-шы жылдардың басында 
Э.Гейтц 
интерфазалық 
ядроларда 
ұлпаның 
дифференциациясының 
дәрежесіне және жасушалардың функционалды белсенділігіне тәуелді 
болмайтын конденсацияланған хроматиннің аймақтарының болатынын 
байқаған. Бұл аймақтарды гетерохроматин, яғни хромасоманың қалған 
массасына – эухроматинге (нағыз хроматинге) ұқсамайтын аймақтар деп 
атаған. Осы ақпарат бойынша, гетерохроматин дегеніміз митоздың 
хромосома құрамында профазада, қалған бөліктерден бұрын пайда болып, 
және телофаза сатысында интерфаза ядросының құрамына қарқынды 
боялатын тығыз құрылымдар (хромоцентрлер) түрінде енетін хромосоманың 
жинақы келген аймақтары болып табылады. 
Бастапқыда гетерохроматин түсінігінің тек морфологиялық тұрғыдан 
маңызы болды, өйткені боялған ядро препараттарын зерттей отырып,
конденсацияланған хроматин, хромоцентр, болашақта ісінген, эухроматиндік 
түрге келетін-келмейтінін білу қиынға соғады. Осыған байланысты арнайы 
цитологиялық әдебиеттерде хроматиннің кез келген конденсацияланған 
аймағын гетерохроматин деп атап бастады. Хроматиннің жалпылай 
конденсациялануын, 
мысалы 
лейкоцитядроларында, 
ядроның 
гетрохроматизациясы деп атап келді. Шындығында ядролық хроматин 
құрамында тек кейбір аймақтар ғана өздерінің конденсациялануын 
жоғалтпайды. Мұндай әрдайым конденсацияланып тұратын аймақтар 
көбінесе хромосоманың центромералық және теломералық аймақтары болып 
табылады. Олардан басқа хромосома иықтарының құрамына кіретін – 
енгізілмелі 
немесе 
интеркалярлы 
гетерохроматин 
әрдайым 


28
конденсацияланып тұра алады, олар да ядрода хромоцентрлер түрінде 
кездеседі. Қазіргі кезде интерфазалық ядрода әрқашан конденсацияланып 
тұратын хромосома аймақтарын конститутивті (тұрақты) гетерохроматин 
деп атайды. Айта кететін жайт, коститутивті гетерохроматин аймақтары 
хроматиннің қалған бөліктеріне қарағанда бір қатар ерекшеліктерге ие:
1. Конститутивті гетерохроматин генетикалық тұрғыдан енжар болып 
келеді; 
2. Ол транскрипцияланбайды; 
3. Қалған хроматин бөліктеріне қарағанда кешірек репликацияланады; 
4. Оның құрамына сан рет қайталанатын (сателлитті) ДНҚ-ға бай 
ерекше аймақтар кіреді.
5. Олардың орналасатын жерлері центромералар, теломералар және 
митоздық хромосомалардың интеркалярлы аймақтары; 
Әр түрлі объектілерде конститутивті хроматиндер мөлшері әр түрлі 
болып келеді. Мысалы сүтқоректілерде олардың мөлшері барлық геномның 
10-15%-ын, 
ал 
қосмекенділерде 
60%-ын 
құрайды.Конститутивті
гетерохроматиннің функционалдық маңызы әлі күнге дейін белгісіз, бірақ 
мейоздағы гомологтардың айқасуымен байланысуымен байланысты бірқатар 
қызметке ие, интерфазалық ядроның структуризациясына және кейбір 
басқарып-реттеуші функцияларға жауапты деп болжанады. Хромосоманың 
қалған мбөлігі, яғни эухроматинөзінің функционалдық белсенділігіне қарай 
өзінің 
ұйымдасып-жинақталуын 
басқара 
отырып, 
өзгерте 
алады. 
Конденсацияланған қалыптағы эухроматиндік белсенді емес (енжар) 
аймақтардың міндетті еместігін назарға ала отырып, факультативті 
гетерохроматин деп атай бастады. Бұл жағдайға адам ағзасындағы Х-
хромосомасындағы факультативті гетерохроматин жақсы мысал бола алады. 
Еркек дарақ жасушасындағы Х-хромосома деконденсчацияланған. Ол 
белсенді болуына және транскрипцияланбауына байланысты, өзінің ісінген, 
диффузды болусебебінен морфологиялық тұрғыдан анықтала аламайды. 
Ұрғашы ағзасының жасушаларында екі Х-хромосома болғандықтан, 
олардың біреуі диффузды қалыпта және белсенді, ал екіншісі 
конденсацияланған, 
енжар 
қалпында 
болады 
да, 
уақытша 
гетерохроматизацияланып тұрады. Бірақ оның ұрпақтары еркек дарақ 
жасушасына түссе, қайта жанданып, белсенділікке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет