4. Оқу іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын барлық
жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар информатика пәнінің мұғалімінің қатысуымен бірге
түзіледі және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы тиіс.
Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет. Әдіскер
студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы қадағалайды. Іс тәжірибе
біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі
түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделік басқа құжаттармен бірге
әдіскерге тапсырылады.
3.1 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын талаптар: 1. Сабақтың мазмұнына талдау жасау.
2. Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?
3. Жаңа сабақтың мазмұна толық ашылдыма жоқпа?
4. Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?
5. Сабақтың қай кездері сәтті немесе нашар өтті?
6. Жаңа сабақты түсіндіру методикасы дұрыс қойылдыма?
7. Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?
8. Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?
9. Жаңа сабақты бекіту қалай өтті?
10. Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?
11. Сабақ кезінде оқушылырадың қызығушылығын артыратын әдістер түрлері
пайдаланылдыма?
12. Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?
13. Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?
14. Үйге тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?
3.2 Сабақтың жүрісі бойынша талдау 1. Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болды?
2. Сабақтың барысы қарқынды болдыма?
3. Түсіндіруде пайдаланылған тіл және терминдік сөздіктер оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сайма ?
4. Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі қандай болды?
5. Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде болды?
6. Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай болды?
7. Мұғалім тақтаны және көрнекілкітерді қандай пайдаланды?
8. Мұғалімнің өзін өзі ұстауы, дауысы киімі, тактикасы және мәдениеті қалай
болды?
9. Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?
10. Сабақ әділ бағаландыма?
11. Бағалары күнделікке қойылдыма?
12. Сабақта уақыт тиімді пвайдаланылдыма?