Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Қылмыстың объективтік жағының құрылысына байланысты



Pdf көрінісі
бет21/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Қылмыстың объективтік жағының құрылысына байланысты 
қылмыс құрамдарын жіктеудің практикалық маңызы зор. Осы критерий 
бойынша қылмыс құрамдары: 
- материалдық; 
- формальды; 
- келте (усеченный) болып бөлінеді. 
Қылмыстың салдары оның аяқталуының қажетті белгісі болып табылатын 
қылмыстың құрамдарын қылмыстың материалдық кұрамдары деп атайды. 
Мұнда іс-әрекет пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы тиіс. 
Егерде материалдық қылмыс құрамында іс-әрекет пен зардаптың арасында 
себепті байланыс болмаса немесе зардап туындамаса, онда қылмысқа 
оқталғандық болып сараланады.
Қылмыстың формальды кұрамдары дегеніміз қылмысты аяқталған деп 
санау үшін қылмыстық занда көзделген әрекетті жасау жеткілікті болатын 
құрамдар, бұл жерде салдардың қылмыстың міндетті белгісі болуы шарт емес.
Мысалы, формальды қылмыс құрамына жататын қылмыстар:
экономикалық контрабанда (234-бап), қарақшылық (192-бап), қызметтік 
жалғандық жасау (369-бап) т.б.
Кей жағдайларда заң шығарушы қылмыстың аякталу кезін алдын ала 
қылмыстық әрекет кезеңдерінің біріне — қылмысқа дайындалу немесе оқталу 
кезіне жатқызады. Мұндай қылмыс аяқталды деп танылу үшін қылмыстық 
зардаптың болуы да, оны тудыратын әрекетті аяғына дейін жеткізу де қажет 
емес. Қылмыстың мұндай құрамдары келте құрамдар деп аталады. Мысалы, 


27 
бандитизм (268-бап) бұл келте қылмыс құрамына жатады, сондықтан бұл 
қылмыстық ұйымға мүше болып кіргеннен бастап, қылмыс осы бап бойынша 
аяқталған болып есептеледі.
Заң шығарушы кейде нақты қылмыстың объективтік жағын 
белгілегенде бір құрамның өзінде қоғамға зиянды зардаптың болуын немесе 
болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Мұндай құрамдарда балама формальды-материалдық құрамға жататын 
қылмыстар деп танылады.
Заң шығарушы кейде нақты қылмыстың объективтік жағын 
белгілегенде бір құрамның өзінде қоғамға зиянды зардаптың болуын немесе 
болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Мұндай құрамдарда балама формальды-материалдық құрамға жататын 
қылмыстар деп танылады. Мысалы, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп 
алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру (189-бап), Радиоактивтi 
заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды сақтау
пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау қағидаларын және олармен жұмыс 
iстеудiң басқа да қағидаларын бұзу, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр 
зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн болса (285-бап 1-бөлігі), абайсызда адам 
өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет (285-бап 
2-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет