Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет13/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
BURXANOVUH

 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Ұңғыманың фонтандауы қандай шарттарда болады? 
2. Газ факторы дегеніміз не? 
3. Газдың меншікті шығынын қандай теңдеумен анықтайды? 
4.Ұңғыма түбінен сағасына дейін шығын қалай анықталады ? 
5. Ұңғымадан фонтандау үрдісінің негізгі себебі неде? 
6. А.П.Крыловтың зерттеуінің мəні неде? 
 
 
2.4.Фонтанды ұңғымалардың жабдықтары 
 
Өнімді қабаттың геологиялық сипаттамасы мен ерекшеліктеріне 
байланысты ұңғыманың құрылысы əртүрлі болады. Ұңғыма құрылысының 
негізгі элементтеріне жататындар: - қысқа бағыттаушы құбыр (5÷15 метр), 
кондуктор (100÷500 метр), техникалық құбыр (аралық құбыр) жəне 
пайдалану құбыры (өнімді қабатқа дейін).
Мұнай жəне газ кен орындарын пайдаланудың, сонымен қатар жер 
қойнауын қорғау жəне техника қауіпсіздігінің шарттарына: құбыр аралық 
кеңістіктің саңылаусыздығын, ұңғымаға СКҚ түсіруді, ұңғымалардың 
жұмысын бақылау жəне жөндеу жұмыстары кезінде қысқа мерзімге 
ұңғыманы жабуды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жұмыстар фонтанды ұңғыманың сағасындағы жабдықтардан 
(тізбек басы, фонтанды арматура жəне манифольд) тұратын қондырғының 
көмегімен жүзеге асады (2.3-сурет). 
 


26 
 
2.3-сурет. Үш жақты фонтанды арматураның схемасы 
Тізбек басы.Ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру
мақсатында, ұңғыма сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін, сонымен 
қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған [7]. 
Тізбек басының корпусы 1 кондуктордың жоғарғы басына 
бұрандалы қосылыспен бекітіледі (2.4-сурет). 
Шегендеуші құбыр (10) арнайы муфтаға (7) бекітіледі. Тізбек 
басының корпусымен (1) муфта (7) аралығындағы саңылау, муфтамен (2) 
жəне 
екі 
сақиналы 
арнайы 
мұнайға 
төзімді 
резинамен (3) 
саңылаусыздандырылады. Олар берік отырғызылуы үшін, муфтаны жарты 
сақиналармен (5) жəне фланцты (4) болт арқылы корпусқа бекітіледі. 
Муфтаның (7) жоғары бөлігі фонтанды арматураға бекітілуі үшін 
фланцмен (6) аяқталады. 
Тізбек басының қысымын тексеру үшін жəне құбыраралық 
кеңістіктегі қысымды бақылау үшін бүйір шығу жолында жоғары 
қысымды кран (9) жəне манометр (8) қарастырылған.
Буферлі ысырма 
(задвижка) 
Тізбек басы 
құбыр басы 
Орталық ысырма 
(задвижка) 
үш жақты 
құбыр 
(тройник) 


27 
2.4-сурет. Бір шегендеу құбырына арналған қарапайым тізбек 
басының конструкциясы 
1- тізбек басының корпусы; 2 – муфта; 3 - екі сақиналы арнайы 
мұнайға төзімді резина; 4 - фланцты байланыс; 5 - жарты сақина; 6 - 
фонтанды арматураға бекітуге арналған фланц; 7 - арнайы муфта; 8 – 
манометр; 9 - жоғары қысымды кран; 10 –кран; 11 - шегендеуші құбыр. 
Тізбек басы - бір, -екі, -үш, -төрт жəне бес тізбекті болады.
Тізбек басы: төрт жақты құбырдан; үш жақты құбырдан тұрады.
Тізбек басы- бір фланецті жəне екі фланецті болады (2.5-сурет). 
Тізбек басының конструкциясына қойылатын талаптар: 
- құбыр аралық кеңістікті сенімді саңылаусыздандыру; 
- барлық 
құбыр 
аралық 
кеңістіктегі 
қысымды 
бақылауға 
мүмкіндіктің болуы; 
- шегендеу құбырының тез жəне сенімді бекітілуі; 
- бір тізбек басына əртүрлі шегендеу құбырының бекітілу мүмкіндігі, 
яғни əмбебап болуы; 
- құрастырудың тез жəне ыңғайлы болуы; 
- мүмкін биіктіктің ең аз болуы. 


28 
2.5-сурет. «ФМС-Сибнефтегазмаш» зауытында
дайындалған тізбек бастары: 
 
а – бір фланецті; б – екі фланецті. 
Тізбек басы 14,0; 21,0; 35,0; 50,0 жəне 70,0 МПа жұмыс қысымына 
есептелініп шығарылады. Кейбір жағдайларда (газ ұңғымаларында) 150 
МПа жұмыс қысымына дейін есептелген тізбек басы қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет