Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет17/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
BURXANOVUH

Бақылау сұрақтары: 
 
1.Фонтанды ұңғыманың жұмысын қалай реттейді? 
2. Ұңғыманың фонтандауын ұзартудың жолдары қандай? 
3. Ұңғыманы фонтанды əдіспен пайдаланудың артықшылықтары мен
кемшіліктері қандай? 
4.Аталған əдістердің айырмашылығы неде? 
5. Фонтанды пайдалану əдісінің артықшылығы неде? 


37 
2.6.Фонтанды ұңғыманың жұмысы кезінде
болатын қиындықтар жəне олардың алдын-алу 
 
Əр түрлі мұнай кен орындарында бөлек-бөлек орналасқан өнімді 
қабаттарды пайдалану жағдайлары бір-бірінен өзгеше болады. Осыған 
сəйкес фонтанды ұңғымалардың жұмысында болатын қиындықтар да 
əртүрлі. Бірақ, əдеттегі жəне жиі болатын, немесе салдары жағынан ең 
қауіпті қиындықтарға келесілер жатады: 
- сағалық арматураның саңылау сызығы бұзылуы нəтижесінде 
болатын ашық реттелмейтін фонтандау; 
- фонтандау кезінде бүлкілдеу, ол ұңғыманың уақыт бұрын 
тоқтатуына əкеледі; 
- құм шығаруға бейім, тұрақты емес қабаттарды пайдалану кезінде, 
ұңғыма түбінде жəне СКҚ ішінде құм тығынының пайда болуы; 
- ұңғыма түбінде жəне СКҚ ішінде тұздың қабаттануы жəне т.б.. 
 
Ашық фонтандау. 
Мұнай жəне газ ұңғымаларын меңгеру жəне игеру кезінде ашық 
фонтандаудың салдарынан фонтанды ұңғымаларда өрт болу кездері 
болатыны белгілі. Бұл кен орнының уақытынанбұрын таусылуына алып 
келумен қатар, ұңғыма сағасының айналасына бірнеше ондаған метрге 
дейін мұнай қалдықтары төгіліп қоршаған ортаны ластайды. 
Мұндай фонтанды сөндіру жəне жою үшін екінші көлбеу ұңғымасын 
бұрғылау жəне онда атом зарядын жару қолданылады. Мұндай ашық 
фонтанның ауырлық дəрежесі, осы апатты шақыру себебі сияқты əртүрлі. 
Қабатты ашу жəне ұңғыманы игеру үрдісіндегі қиындықтар жəне ойда 
болмаған бұзулармен қатар, сағалық қондырғыда, соның ішінде, фонтанды 
арматурадағы бұзылыстар үлкен рөль ойнайды жəне жалғасулардың тығыз 
еместігі немесе арматураның дірілдеуі салдарынан болатын бұзылыстар, 
газсұйық қоспасы (ГСҚ) ағынындағы абразивті қоспаның жеу қасиетінің 
нəтижесінде болатын үзілулер ауыр апаттың себебі болуы мүмкін. 
Олардың алдын-алу үшін, арматураны əрқашан екі есе сынау қысымымен 
(кейде біржарым есе) нығыздап, сынақтан өткізеді.
Соңғы уақытта, ашық фонтандаудың алдын-алу үшін əртүрлі 
айырғыштар игеріліп, қолданыс тапқан, олар ұңғыманың біршама 
тереңдігіне түсіріліп немесе фонтанды құбыр бағанасының башмак астына 
да түсіріледі. Шегендеу бағанасының шлипсасында орнатылатын 
айырғыштар болады, ол автоматты түрде СКҚ немесе шегендеу бағанасы 
қимасын, сұйық шығыны шекті мəннен асып, күрт артқан жағдайда 
жабылады. Шетелде фонтанды құбырда орнатылатын айырғыштар 
қолданылатыны белгілі. Мұндай айырғыштарда ГСҚ критикалық шығын 
кезінде, автоматты түрде ағынды жауып, ашық фонтандаудың алдын 
алады. Фонтанды құбыр қимасын мəжбүрлі жабатын айырғыштар белгілі. 


38 
Олар шарлы кран түрінде жасалған, оны бұру гидравликалық жолмен, жер 
бетінен іске асады. Мұндай шарлы кранның тартпалы механизмі фонтанды 
құбыр бағанасына жалғасқан кіші диаметрлі (12,18 мм) құбырша 
көмегімен жер бетіне шығып, қысым көзіне əдетте, ұңғыма желісіне 
қосылады. Құбырда қысым болғанда, шарлы кран ашық болады, ал 
кішкене құбыршада қысым түскен кезде, шарлы кран серіппелі механизм 
көмегімен бұрылып, фонтанды құбырды жабады. 
Жай беттік механикалық істейтін айырғыштар болады, олар 
манифольд желісіне орнатылады, жəне фонтанды ұңғыманы тотығудан 
немесе механикалық зақымданудан шығару желілеріндегі үзілулер кезінде 
жабады. 
Фонтанды ұңғымадағы бүлкілдеудің алдын-алу үшін фонтанды 
құбыр бағанының төменгі ұшында арнайы жұмыс саңлауы немесе клапан 
қолданылады. 
Бүлкілдеу - СКҚ-дағы ағын бағанасы тығыздығының қысқа уақытқа 
артуы нəтижесінде уақыттан бұрын фонтандаудың бітуіне, газсыздануына 
жəне түп қысымының артуына əкеледі. Құбыраралық кеңістіктің үлкен 
көлемі оның ішінде газдың үлкен көлемінің жиналуына əкеледі, ол Р
с

нас
шарты кезінде периодты түрде СКҚ башмағы арқылы фонтанды құбырды 
толық үрлегенше өтеді. Түптік қысым төмендеп, содан кейін ұңғыма ұзақ 
уақыт бойы сұйықты жинау үшін жұмыс істейді. 
СКҚ-дың башмагынан біршама биіктікте (30÷40м) кішкене (бірнеше 
мм) саңылаудың болуы, СКҚ-дың құбыраралық кеңістігіне газдың 
салыстырмалы тұрақты енуін қамтамасыз етеді, жəне газдың башмак 
арқылы шығып кетуін болдырмайды. Жиналатын газ, сұйық деңгейін 
саңылаудан төмен ығыстырғаннан кейін, ол СКҚ-на еніп, бүлкілдеу 
тоқтайды. Егер саңылаудағы қысым айырмасы ∆Р болса, онда сұйық 
деңгейі а=∆pqg тереңдікте сақинадан төмен сақталады. Осыған ұқсас басты 
рольды жұмыс клапаны атқарады, онда қысым белгіленген шамадан 
артқан кезден, серіппелі клапан іске келіп, газды құбыраралық кеңістіктен 
СКҚ-ға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет