41
Рейнольдс параметрі
Re=
, ∗
,
= 3390.(2.47)
Режим турбулентті. Гидравликалық кедергі коэффициенті
λ=
,
√
= 0,041 (2.48)
Буферлік қысым
Р
буф
= р
заб
- р
ст
–р
тр
= 235,84 – 139,2 –
,
∗
∗ ,
∗ ,
, ∗ ∗ , ∗
≈ 96,541 ат.
(2.49)
150-мм көтергіш құбыр арқылы фонтандаған кездегі ПƏК
(штуцердегі энергия шығынын есептемегенде)
η=
,
∗ ,
∗ ,
∗ ,
= 0,999. (2.50)
Осы мысалдан көрініп тұрғандай, пайдалану құбырлары арқылы
ұңғыма фонтандау кезінде гидравликалық
кедергі төмендеген кезде
буфердегі қысым 6,54 ат. жоғарылайды, нəтижесінде фонтандаудың
мерзімі ұзарады да, ұңғыманың өнімі мен депрессиясының жоғарылауына
мүмкіндік болады. Дегенмен
бұл тек жекелеген жағдайларда, яғни
ұңғыманы меңгеру кезінде фонтанды құбырларды түсіру қажет болмағанда
(суарынды режим кезінде қабат қысымының жоғары болуы), құмды
шығару болмайды жəне түптік қысым мұнайдың газбен қанығу
қысымынан жоғары болғанда.
42
2.8. Фонтанды пайдалану кезінде
өнімді қабаттарды жеке-жеке өндіру
Екі өнімді қабат фонтандауы
кезінде мұнай өндіру, шегендеуші
құбыр жəне СКҚ тізбегі арқылы (жер бетіне сұйықтарды жеке-жеке
көтеру), СКҚ тізбегі арқылы (жер бетіне сұйықтарды бірге көтеру)
параллель немесе концентрлі орналасқан екі құбыр арқылы жүргізілуі
мүмкін [2].
Бір СКҚ тізбегінде жəне шегендеуші құбырлар арасындағы кеңістікті
пайдалануда екі қабат арасына бір пакер орнатылады.
Төменгі қабаттан
сұйық СКҚ тізбегі арқылы, ал жоғарғы қабаттан – құбыр аралық
кеңістікпен өндіріледі. Бұл жағдайда фонтанды
арматураның қарапайым
схемасының бірі қолданылады.
Екі қабаттан сұйықты жеке-жеке көтеру үшін екі концентрлі
орналасқан СКҚ тізбегін қолдану ұңғыманың батырмалы жабдықтарын
жеңілдетеді (екі пакер немесе пакер жəне
дроссельсіз СКҚ тізбегінде
нығыздағыш) жəне фонтанды арматураның стандартты схемаларын
қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай қондырғылар 1УФК жəне 2УФК
шифры бойынша дайындалады. Шифрда келесі белгілер қолданылған: 1
жəне 2 саны СКҚ тізбегінің қатарын білдіреді; У – установка (қондырғы);
Ф – фонтанды; К – тізбектердің концентрлі ілінуі. Олар диаметрі 146 жəне
148 мм шегендеуші құбырлар тізбегіне арналған. Екі паралелль СКҚ
тізбектерін түсіруде жабдықтар дəл
сондай болып қалады, бірақ жер
бетіндегі арматура біршама күрделі болады. Мұндай схемалардың
концентрлі орналасқан құбырларға қарағанда ерекшеліктері – парафин
шөгуде екі каналды бірдей скребок арқылы тазалау мүмкіндігі.
Құбырлардың орналасуының мұндай схемасында
кейбір жағдайларда
қабат сипаттамасы бойынша тізбектің сыртқы диаметрі оңай таңдалады.
Бірақ құбырлар диаметрі 60 немесе 48 мм шектелген. Бұл қондырғылар
УФЭ шифрымен белгілінеді.
Достарыңызбен бөлісу: