Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан


газлифтілі деп аталады, ал ұңғымаға осы мақсатта ауа айдалса онда ол  эрлифт



Pdf көрінісі
бет21/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
BURXANOVUH

газлифтілі деп аталады, ал ұңғымаға осы мақсатта ауа айдалса онда ол 
эрлифт деп аталады. 
Ауаны қолдану сорапты компрессорлық құбырда өте мықты 
эмульсияның түзілуіне алып келеді, ал оны ажырату үшін беттік активті 
заттармен арнайы өңдеп, қыздырып немесе ұзақ уақыт тұндыру керек.
Бөліп алудан кейін бетіне бөлініп шыққан газ-ауа қоспасы 
салыстырмалы түрде оттан қауіпті жəне жарылғыш қоспа түзеді. Бұл 
айырғыштан (сепаратор) кейін өндірілген газ-ауа қоспасын атмосфераға 
шығаруды талап етеді. 
Көмірсутегі газын қолдануда құрылымы мықты емес эмульсия 
түзіледі. Ол таза мұнайды бөліп алудағыдай қымбат өңдеуді, ұзақ 
тұндыруды қажет етпейді. Бұл қолданылып жатқан көмірсутегі газында, 
химиялық газ- бен мұнайда немесе жалпы көмірсутегі негізінде оттегінің 
болмауы немесе аз мөлшерде болуымен түсіндіріледі. Ауа құрамындағы 
оттегі, қышқылдану процесінің жəне мықты су тамшыларының түзілуіне 
себепші болады, сонымен қатар тұндыру кезінде шөгіп қалады. Осыдан 
кейін салыстырмалы жарылу қаупі жоқ, қалдық газ, айырудан өткеннен 
кейін газ жинау жүйесіне жиналады да, əрі қарай өңделеді. Газлифтілі 
ұңғымаға айдалған газ сорапты компрессорлық құбыр ішінде мұнаймен 
қарқынды араласқанда бензин фракциясымен байытылады. Осындай газды 
газбензин зауытында өңдеу кезінде тұрақсыз бензин жəне басқа құнды 
өнімдер түзіледі, нəтижесінде мұнай тұрақталады, ал оны тасымалдау жəне 
сақтау кезінде булануын азайтады. 
Газбензин зауытындағы өңделген (құрғатылған) газды, өндірісте 
компрессорлық станциялармен қайтадан сығып газлифтілі ұңғымалардың 
жұмысына қолданылады. 
Осыған байланысты газлифті əдісі газды қолдануда жəне кен орнын 
пайдалануда эрлифті əдісімен салыстырғанда тиімді болып табылады. 
Эрлифті əдісінің бірден-бір артықшылығы, ол газсұйық қоспасын көтеру 


45 
үшін қажетті жұмыс агенті ретінде ауаның шексіз болуы. Шын мəнісіндегі 
газлифтілі ұңғымалар 3.1-суреттегі схема бойынша жабдықталмайды жəне 
ұңғымаға екі бірдей параллель құбырды түсіріп, оларды практика жүзінде 
төменнен башмакпен мықты етіп бекітуге болмайды. Бұл схема тек қана 
газлифті əдісін түсіндіру үшін берілген. Бірақта, оны қолдануы əбден 
мүмкін, мысал есебінде шахталарға көп мөлшерде су айдау үшін жəне т.б. 
Газлифт əдісі компрессорлық жəне компрессорлық емес болып 
бөлінеді. Газлифті ұңғымалардың жұмысы үшін 4÷10 МПа қысымға дейін 
сығылған көмірсутегі газдары қолданылады. Сығылған газдың көзі қажетті 
қысымды қамтамасыз ететін арнайы компрессорлық станциялар немесе 
коспрессорлы газ өңдеу зауыттары болып табылады. Газлифтілі 
пайдаланудың мұндай əдісі компрессорлық əдіс деп, аталады. Ал энергия 
есебінде табиғи газ немесе таза газ жəне газ конденсат кен орындарының 
газы қолданылатын болса, онда ол əдіс компрессорлық емес газлифті - 
деп, аталады. 
Компрессорлық емес газлифтіде табиғи газ газлифтілі ұңғыма 
орналасқан жерге тасымалданады жəне арнайы қондырғыда конденсатты 
жəне ылғалды бөліп алу үшін алдын-ала дайындалып алынады. Артық 
қысым бір немесе бірнеше сатылы реттегіштерден (штуцер) газды өткізу 
арқылы төмендетіледі.
Газлифтілі пайдалану əдісінде ұңғыма ішілік газлифті деп аталатын 
жүйе бар. Бұл жүйеде сығылған газ көзі болып мұнай қабатының төменгі 
жəне жоғарғы бөлігінде орналасқан газ қабатының газы қолданылады. Екі 
қабатта ортақ сүзгішпен ашылады. 
Осындай жағдайда газ қабаты мұнай қабатынан бір немесе екі 
пакермен оқшауланады (төменнен жəне жоғарыдан), ал газ сорапты 
компрессорлық құбырмен газ көлемінің мөлшерін реттегіш қондырғы 
арқылы келіп құбырға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет