Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан


Газлифті ұңғымалардың құрал жабдықтары



Pdf көрінісі
бет26/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
BURXANOVUH

3.4.Газлифті ұңғымалардың құрал жабдықтары 
 
Негізінен газлифті ұңғымалары жер үсті жəне жер асты 
жабдықтарынан тұрады. Газлифті ұңғымасының сағасына орнатылған 
арматураның, фонтанды арматурадан ешқандай айырмашылығы жоқ, жəне 
де оның атқаратын қызметі де ұқсас, ұңғыма сағасын саңылаусыздандыру, 
көтеру құбырларын түсіру жəне газды айдау кезінде əртүрлі 
операцияларды 
жүргізуге 
мүмкіндіктің 
болуы, 
ұңғыманы 
жуу 
операциясын жүргізу жəне т.б. [8].
Газлифті ұңғымаларға, пайдаланудың фонтандау кезеңінен қалған 
фонтанды арматуралар, немесе арнайы арналған қарапайым жəне жеңіл 
арматуралар қолданылады. Себебі, онда ашық фонтандау қауіпі болмайды. 
Көбіне арматураны газ айдау үшін, құбыраралық кеңістікке немесе 
орталық құбырға бекітіп орнатады.
Газлифтілі ұңғыманы пайдалануда парафин тұрып қалу жағдайы 
кездесіп жатса, онда арматура сағасына қосымша лубрикатор орнатылады, 
жəне сол арқылы сорапты компрессорлық құбырға арқанды алқа мен 
қырғыш(скребок) түсіріледі. Қырғыштың қызметі, құбыр қабырғасында 
қатып қалған парафинді механикалық жолмен тазарту.
Газлифті ұңғымасының сағасында ұңғымаға айдалатын газ қысымын 
реттеп тұратын реттегіш қондырғы орнатылады. Газлифтіні пайдалану 
облысындағы ең негізгі жетістік, газлифтілі клапанды сорапты 
компрессорлық 
құбыр 
арқылы 
арнайы 
камераға 
орнатылған 
технологиялық қондырғыны есептелген тереңдікке түсіріп орналастыру 
болды. Бұл құбыр тізбегіндегі іске қосу жəне жұмыс клапандарын істен 
шыққан немесе бұзылған кезде ауыстыру жұмыстарын жеңілдетеді.
Аталған үрдіс 3.5-суретте газлифті ұңғыманың жер үсті жабдықтары 
көрсетілген. Бұл жүйе бойынша ұңғыманы тоқтатпай, жер асты жөндеу 
жұмыстарын жүргізе беруге болатын басқада жабдықтар көрсетілген.
Жер асты жабдықтары СКҚ (4), газлифті клапандары бар ұңғымалық 
жабдықтардан (1), қосу (2) жəне жұмыс жасаушы (3), жоғарғы 5 жəне 


54 
төменгі 7 ниппелдерден, гидравликалық пакерден 6, башмакты 
қаушақтан(воронкадан) 8 тұрады. (3.6-сурет).
3.5-сурет. Газлифті ұңғыманың жер үсті жабдықтары. 
 
1-салмақ өлшегіші бар ролик; 2-кілт; 3-мачтаны бекітуге арналған 
шынжыр; 4-алмастырғыш; 5-превентор; 6-телескопиялық мачта; 7-жер 
асты жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үш секциялы лубрикатор; 
8-қысқыш; 9-полиспаст; 10-лубрикатор; 11- жетекші агрегат. 
Кейбір жағдайларда 100-150 м тереңдікке шекті өнімділікке жеткен 
уақытта қысымның түсіп кетуі кезінде қосылатын тереңдік сақтандырғыш 
клапан-ажыратқыштар орнатылуы мүмкін.
Газлифті клапандар микроавтобусқа орнатылған гидравликалық 
лебедканың көмегімен алынып орнатылады. Агрегат 4600 метр тереңдікте 
орналасқан газлифтілі клапандарды, диаметрі 2,5 мм арқанмен алып, 
орналастыруға жəне ұңғыманы зерттеу үшін арнайы өлшегіш 
қондырғыларды 1,8 мм арқанмен 7000 метр тереңдікке түсіруге арналған. 
Қондырғыны көтеру жылдамдығы 0,2-ден 16 м/с дейін реттеледі. 


55 
Гидроқозғалтқыш лебедкасының номинальды қуаты – 27,2 кВт. Берілісі 
0,0025 м
3
/с (150л/мин) болған кезде, гидросораптың қысымы 13 МПа-ға 
дейін жетеді.
Плашкалы превентор - 76 мм-лік тік 
өткізгіші бар қораптан 1, қақпақтан 3, плашкадан 
2, винттен 4 жəне өткізу клапанынан 5 тұрады. 
Төменгі жағында арматураның ысырмасын 
бағанмен 
жалғастыруға 
арналған 
фланец 
орнатылған. Шпонка 6 плашканың бұралуына 
кедергі жасайды. Плашканың сыртқы жағында 
канал орналасады, ол саға бітеліп қалғанда 
немесе трос желісі қысылып қалғанда қысымды 
реттеуге арналған. 
3.6-сурет. Газлифті ұңғыманың жер асты жабдықтары. 
3.7 – сурет. Плашкалы превентор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет