97
Газайырғышының білігі, секция-модулі жəне кіріс-модулі өзара
шлицті муфталар көмегімен қосылған.Тұлға ұзындығы бірдей (2, 3 жəне 5)
барлық сорап топтарының секция-модулінің
білігі ұзындығы бойынша
жетілдірілген.
Қарапайым орындалған сораптың секция-модулі мен кіріс-модулінің
білігін əдетте калибрленген коррозияға төзімді, беріктілігі жоғары
03Х14Н7В маркілі болаттан жасайды жəне шетінде «НЖ»
деген маркілеу
белгісі болады, ал коррозияға төзімділігі жоғары сораптар үшін
калибрленген Н65Д29ЮТ-ИШ К-монель болаттан жасалынады жəне бір
шетіне «М» деген маркілеу белгісі болады.
Қарапайым орындалған сораптар үшін жұмысшы дөңгелектер мен
бағыттаушы аппараттар модифицирленген сұр шойыннан жасалады, ал
коррозияға төзімді етіп орындалған сораптар үшін «нирезист»
типті
модифицирленген ЧН16Д7ГХШ шойынынан орындалады. Қарапайым
орындалған сораптар үшін жұмысшы дөңгелектерді радиациялы-
модифицирленген полиамидтен жасауға болады.
Модуль-басы (модуль-головка) бір жағынан
кері клапанға жалғауға
арналған ішкі конустық бұрандасы бар да, екінші жағынан секция-
модуліне екі қабырға мен резиналық сақинаны жалғауға арналған фланецті
тұлғадан тұрады. Қабырғалар модуль-басқа болттар мен серіппелі шайбасы
бар гайкамен бекітіледі. Резиналық сақина
модуль-бас пен секция-
модулінің жалғанған жерін саңылаусыздандырады.
5 жəне 5А тобы сорабының модуль-басында сорапты компрессорлы
тегіс құбырлардың муфтасының жалғауға арналған бұрандасы болады.
6-шы топ сорабының модуль-басы екі түрде орындалады: 73 мм жəне
89 мм (ГОСТ 633-80) муфталы бұрандамен.
73 мм-лік бұрандалы модуль-бас номиналды бергіштігі 800 м³/тəу-ке
дейінгі сораптар үшін, ал 89 мм-лік бұрандалы модуль-бас үшін 800 м³/тəу-
тен жоғары.
Секция-модулі тұлға, білік, сатылар пакетінен (жұмысшы
дөңгелектер мен бағыттаушы аппараттардан), жоғарғы подшипник,
төменгі подшипник,
жоғарғы өстік тіректен, бастан, негізден, екі қабырға
жəне резиналық сақинадан тұрады. Секция-модулінің саты саны 5.3-
кестеде көрсетілген.
Секция-модулі өзара, сонымен қатар бұрандалы қосылыстар жəне
тұлға мен саты пакетінің арасындағы кеңістік резиналық сақина көмегімен
саңылаусызданады.
Кіріс-модулі қабат сұйығын өткізуге арналған тесіктері бар тұлғадан,
подшипникті
төлке мен тордан, модуль білігін гидроқорғағыш білігімен
қосуға арналған шлицті муфта жəне де білікті қорғағыш төлкелерден
тұрады.
98
5.3 кесте – Секция-модулінің саты саны
сорап
көрсеткіштері
сек.мод.саны
саты саны
Бергіштігі
м
3
/тəу
.
Арыны
, м
Қуаты
, кВт
Сораптың
ПƏК
%
Жалпы
2
3
5
Жалпы
Секци
я-модулінде
2
3
5
ЭЦНМ5-50-
1300
50 1360
17,94
43
2
1
-
1
264
72
-
192
ЭЦНМК5-50-
1300
1360
17,94
2
1
-
1
264
72
-
192
ЭЦНМ5-50-
1700
1725
22,76
3
-
3
-
336
-
11
2
-
ЭЦНМ5-80-
1200
80 1235
21,77
51,5
2
1
-
1
269
73
-
196
ЭЦНМК5-80-
1200
1235
21,77
2
1
-
1
269
73
-
196
Ескерту. Секция нөмірі тұлға ұзындығын білдіреді, м.
Кабельді бекітетін белбеуше болат сымнан жəне
оған бекітілетін
болат жолақтан тұрады. 5.4-кестеде əртүрлі жабдықтарға кабельді бекітуге
арналған белбеушелердің ұзындығы көрсетілген. Белбеушені тек бір рет
қана қолдануға болады.
5.4-кесте – Бекіткіш белбеушелер
Жабдық
Белбеуше
коды
Белбеуше
ұзындығы, мм
Сорапты компрессорлы құбыр 60 жəне 48мм ЭН-21/1 300
Сорапты компрессорлы құбыр 73мм
ЭН-21/2 350
Сорапты компрессорлы құбыр 89мм
ЭН-21/3 390
5, 5А жəне 6 тобының сорабы
ЭН-21/4 460