100
– еркін (бос) газ (көлемі бойынша) – 50%-дан көп емес.
Қозғалтқыштың жұмысы аймағындағы гидростатикалық қысым 20 МПа-
дан үлкен емес.
ПЭДУСК-125-117ДВ5
ТУ 16-652.029-86 қозғалтқышының
шифрында келесі белгіленулер қабылданған: ПЭДУ – батырмалы
электроқозғалтқыш,
жетілдірілген; С–секциялы (егер əріп болмаса,
секциялы емес); К–коррозияға төзімді (егер əріп болмаса – қарапайым
дегенді білдіреді); 125 – қуаты, кВт; 117 – корпус диаметрі, мм; Д – гидро-
қорғағыштың жаңартылу шифры (егер əріп болмаса – негізгі түрі); В5 –
климаттық орындалуы мен орналасу санаты (категориясы).
ЭДК45-117В электроқозғалтқышының шифрында келесі атаулар
қабылданған: ЭД – электроқозғалтқыш; К – коррозияға төзімді (егер əріп
жоқ болса – қарапайым дегенді білдіреді); 45 – қуаты, кВт; 117 – тұлға
диаметрі, мм; В – жоғарғы секция (егер əріп болмаса, онда секциялы емес);
С – ортаңғы секция; Н – төменгі секция;
ПК92Д гидроқорғағышы үшін келесілерді білдіреді: П – протектор; К
– коррозияға төзімді (егер əріп болмаса – қалыпты орындалған); 92 –
корпус диаметрі, мм; Д – диафрагма мен жаңартылған (егер əріп болмаса –
онда негізгі модель (түрі) барьерлі сұйықтықпен).
Қозғалтқыштың типі, номиналды параметрлері 5.5 - кестеде
келтірілген.
Қозғалтқышты қосу, жұмысын басқару жəне оны апаттық
режимдерден қорғау арнайы жинақталған құрылғылар арқылы жүзеге
асырылады. Электроқозғалтқыштар кернеуі 30 кВ-тан кем емес МАПЭД
майымен толтырылады.
5.5 кесте – Қозғалтқыштың типі жəне номинальді параметрлері
Қозғалтқыш
Номиналды
қуаты, кВт
Номиналды
кернеу, В
Номиналды
ток, A
ПЭДУ16-103В5; ПЭДУ16-103ДВ5;
ПЭДУК16-103В5; ПЭДУК16-103ДВ5
16
530
26
ПЭДУ22-103В5; ПЭДУ22-103ДВ5;
ПЭДУК22-103В5; ПЭДУК22-103ДВ5
22
700
27
ПЭДУ32-103В5; ПЭДУ32-103ДВ5;
ПЭДУК32-103В5;
ПЭДУК32-
103ДВ5
32
1000
27,5
ТМС-3 термоманометриялық жүйе.
ЭОТС-пен жабдықталған
ұңғымалардың кейбір технологиялық параметрлерін бақылауға жəне де
батырмалы агрегатты аномальді жұмыс режимі (электроқозғалтқыштың
қызып кетуі немесе сораптың қабылдауындағы сұйықтың рұқсат етілетін
қысымынан төмендеу) кезінде қорғауға арналған.
101
ТМС-3 жүйесі қысым мен температураны трансформациялап
жиілікті манипулирленген электр дыбысына
айналдырушы ұңғымалық
айналдырушыдан жəне қысым мен температура бойынша батырмалы
электросораптың жұмыс режимін басқару құрылғысы мен дыбыс
күшейткіш – қалыптастырғыш қорек блогының
қызметін атқарушы жер
үсті құралынан тұрады.
Қысым
мен
температураны
қалыптастыратын
электроқозғалтқыштың төменгі бөлігіне орналастырылатын жəне оның
статор орамасының нөлдік нүктесіне жалғанған саңылаусыз цилиндр
тəрізді контейнер түрінде жасалған ШГС жинақталған құрылғысына
орнатылатын жер үсті құралы сорапты қысым
мен температура бойынша
оның қосылуы жəне ажырауының дыбысын қалыптастыруды қамтамасыз
етеді.
Байланыс желісі мен ПДТ электр қорегі ретінде батырмалы
электроқозғалтқыштың қорек желісі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: