106
сақтандырады. Пакер ұңғымаға батырмалы агрегаттың түсірілу тереңдігіне
дейін түсіріледі.
5.7-сурет. Екі өнімді қабатты электржетекті ортадан тепкіш сораптар
көмегімен пайдалануға арналған ұңғыма жабдықтарының схемалары
5.7-суретте (а, б) көрсетілген схемалар бір фонтандаушы жəне бір
сорапты қабаттарды пайдалануға арналған.
Екі өнімді қабатты сорап арқылы
бірдей пайдалануға арналған
агрегат (5.7-сурет, в) қосымша түйіндерге ие болады – қысымды реттегіш
камерасы (3) жəне шығым өлшегіш (4). Қысымды реттегіш камерасына
үлкен қысымды қабаттың сұйығы келіп түседі жəне дросселдеуші тесік
арқылы өтіп сорап қабылдауына екінші қабаттың қысымына тең
қысыммен келеді.
Шығым өлшегіш бір қабаттан өндірілетін сұйықты өлшеп жəне жер
бетіне белгі береді. Осы белгі бойынша жəне жер бетіндегі жалпы өнімді
өлшеу бойынша əр қабаттан келген өнімді анықтайды.
Қондырғылардың екі негізгі схемалары қолдануда. Бірінші қондырғы
УГР-В-Д (сорапты қондырғы жеке пайдалануға арналған,
салынатын, екі
қабатқа арналған) екі сораптан тұрады: біріншісі төменгі қабатты
пайдалануға арналған, екіншісі – жоғарғы қабатты. Ұңғымаға СКҚ
тізбегіне жоғарғы жəне төменгі сораптарды орнату үшін пакер жəне ершік
түсіріледі. Пакер ұңғыма бағанасында жоғарғы жəне төменгі қабаттарды
бөледі. Сораптар штанга арқылы түсіріледі.
Төменгі сорап қарапайым
салынатын сорап жəне салынатын сораптарға арналған қарапайым ершікке
орнатылады. Жоғарғы сорап СКҚ тізбегінде орнатылған арнайы ершікке
107
бекітілген қозғалмайтын плунжерден тұрады. Сұйық жоғарғы қабаттан
жоғарғы жағында сору клапаны орналасқан плунжердің ішкі кеңістігіне
келіп түседі. Жоғарғы сораптың цилиндрінде жоғарғы ершікке үзік арқылы
өтетін жəне цилиндрді төменгі сораптың плунжерімен қосатын тартқыш
болады. Жоғарғы сораптың айдау клапаны
қозғалатын цилиндрдің
жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Сонда екі сораптың да сору тактасы штанга жоғарыға қозғалғанда
жүреді. Жоғарғы жəне төменгі қабаттардың жұмыс режимдері əртүрлі.
Өндірілген сұйық араласып жəне жер бетіне СКҚ арқылы көтеріледі.
Қабаттарды зерттеу үшін жоғарғы сораптың айдау клапанын істен
шығаруға болады (арнайы ашып қояды). Бұл жағдайда тек төменгі сорап
қана жұмыс істейді жəне оның берілісін анықтауға болады. Төменгі
сораптың жəне екі сораптың жұмыстарының
сипаттамасын біле отырып
жоғарғы сораптың жұмыс сипаттамасын анықтайды.
Минутына 10 жүрісте, толу коэффициентінде η
нак
=1 жəне диаметрі
146мм шегендеуші құбырға түсірілгенде екі сораптың қосынды берілісі
16 м
3
/тəу-тен 148 м
3
/тəу-ке дейін болады, 168 мм - 16 м
3
/тəу-тен 228 м
3
/тəу-
ке дейін. Тербегіш-қондырғының теңгергіш басына түсетін күш 60 кН-ға
жетеді, сораптарды түсіру тереңдігі – 1200÷1500 м, плунжердің жүріс
ұзындығы – 3300 мм, жүріс саны – минутына 15. Сораптардың ең үлкен
диаметрі 146 мм шегендеуші құбырларда – 43 жəне 32 мм, 168 мм – 56
жəне 43 мм.
Мұндай жабдықтардың кемшіліктері – сұйық жер бетіне бір канал
арқылы көтеріледі, жабдықтарды түсіру жəне
қабаттарды зерттеу қиынға
түседі. Бұл схеманың құбырлы варианты (УГР-Н-Д) келесі түрде
ерекшеленеді, барлық жабдықтар СКҚ арқылы түсіріледі, содан кейін
жоғарғы сораптың цилиндріне бекітілетін ұстағышты штанга түсіріледі.
Бұл жағдайда сораптың ең үлкен диаметрі 68 мм, қосынды берілісі 297
м
3
/тəу (минутына 10 жүрісте, толу коэффициентінде η
нак
=1).
Достарыңызбен бөлісу: