119
Қондырғы ұңғымаға СКҚ тізбегінің көмегінсіз түсірілуі мүмкін. Бұл
ұңғымада жөндеу жұмыстарын жеңілдетеді.
Бірақта мұндай сорапты қондырғылардың кемшіліктерін жою
қиынға түсіп тұр. Ұңғымаға айдалатын жұмыс сұйығының көлемінің көп
болуы, ұңғымада үлкен диаметрлі канал жасауды талап етеді. Диаметрі 146
мм жəне 168 мм ұңғымаларда бұл қиынға түседі.
Турбосорапттардың төмендегідей артықшылықтары бар:
- батырмалы электрқозғалтқыштары жəне кабелдердің болмауы едəуір
қисық діңгектер бойында көтеріп-түсіру
операцияларын ешқандай
қиындықсыз орындап, жоғары температурадағы сұйықтықтарды
көтеру үшін турбосоаптарды қолдануға үлкен мүмкіндік береді;
- электржетекті ортадан тепкіш сораптармен салыстырғанда, азкөлемді
пішіні
бар ұңғымалық агрегаттар, үлкен қарқынды қисайған
ұңғымаларда жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, тарнспорттық жəне
жинақтау жұмыстарын жеңілдетеді;
- ұңғымалық сорап агрегаттарындадағы клапандардың болмауы,
діңгегі қисайған ұңғымаларда шектеусіз көлбеу ұңғымаларға дейін
турбосораптарды пайдалануға мүмкіндік береді;
-
сораптардың
подшиниктерімен
гидростатистикалық
үлгідегі
турбиналары, агрегат роторы тіреуіштерінің сенімді жəне мықты
жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
121
Жер бетінде үлкен көлемде жұмыс сұйығын тазалау жəне дайындау
қажет, сонда үлкен металл сиымдылықты жабдықтарды орнатуды жəне
оның қызмет ету шығынын талап етеді.
Турбосораптар келесі ерекшеліктерге ие болады:
- батырмалы электр қозғалтқыштың жəне кабельдің болмауы көлбеу
ұңғымаларда түсіріп-көтеру жұмыстарының барлық қиындықтарын
болдырмайды;
- ұңғымалы агрегаттың ұзындығы электржетекті
ортадан тепкіш
сораптармен салыстырғанда аз болуы, үлкен көлбеу бағытталған
ұңғымаларға қолдануға мүмкіндік береді;
- сорап берілісі жер бетінен реттеліп отырады;
- ұңғымаға коррозияға қарсы реагенттерді айдау мүмкіндігі.
Турбосорапты агрегаттарды ұңғымаға түсіру үшін стандартты СКҚ
жəне жабдықтар қолданады.
Жер бетіндегі күштік сораптардың берілісі 56м
3
/сағ, қысымы 42,7
МПа дейін жəне бір немесе екі ұңғымадағы
турбосораптарға жұмыс
сұйығын айдау үшін арналған.
Турбосораптардың бөлшектерін дайындау үшін үлкен коррозияға
қарсы жəне желінуге қарсы материалдар қолданады. Сыртқы қораптары
жəне
жұмыс
дөңгелектері
үлкен
мөлшерде
хром
қосылған
шынықтырылған болаттан жасалады. Турбинаның статор жəне ротор
элементтері, хромвольфрамды болаттан жасалады.
Электр
жетекті
ортадан
тепкіш
сораптарға
қарағанда
турбосораптарда біліктен айналу жиілігі жер бетіндегі күштік сораптардың
берілісін реттеу арқылы өзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: