30 Мб аспауы керек. Үлкен файлдарды жіберу
қажет болған жағдайда білім алушылар бұлтты сақтау орындарына файлдарды жүктейді
және есеп мәтінінде оларға сілтемелерді жариялайды.
−
кейс-тапсырмалар тақырыптары: жеке немесе топтар үшін;
−
өткізу кестесі (тапсырмаларды орындау дедлайндары);
−
топтардың құрамы (
әр топта веб-конференция ұйымдастырушыны тағайындаңыз,
ол талқылаудың бейнежазбасын жасайды және оны бейнеге сілтеме жариялай отырып,
жүйеде тапсырмамен бірге береді) болу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ.
Міндетті шарт туралы хабарлаңыз – оқытушы тапсырманы
талқылау кезінде әр қатысушының белсенділігін бағалап, оны аттестациялау кезінде
ескеруі үшін
топтың барлық қатысушыларының бет-жүздері бейнежазбада көрінуі
керек.
2.
Сессияның емтихан тапсырмаларын жүктеу мерзімдері туралы өкімде (бұйрықта)
белгіленген күндерге сәйкес дайындалған PDF-файлды MOODLE ҚОЖ–ға оқытудың
нөлдік аптасына жүктеңіз – ол курстың ең басында – бірінші аптаға дейін орналасқан. Ол
үшін «Тапсырма» элементін пайдаланыңыз және оны «Пән бойынша қорытынды бақылау»
деп атаңыз (3-қосымшаны қараңыз).
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ДЕДЛАЙН ҚОЙЫҢЫЗ
3.
Дедлайн қою үшін «Басталу күні» және «Аяқталу күні» терезелерін мұқият баптаңыз.
(2-
қосымшаны қараңыз).
− «
Бастау күні» терезесінде кейс жұмысының басталуы ретінде өзіңіз анықтаған күнді
белгілеңіз (мысалы, егер бұл өте күрделі жағдай болса, онда басталу күнін емтиханға
бірнеше күн немесе апта қалғанда орнатуға болады. ).
− «
Аяқтау күні» терезесінде жоспарланған екінші кезеңнің (ауызша қорғау)
басталуына 24 сағат қалғанда күн мен уақытты белгілеңіз.
Орташа алғанда, кейс-тапсырманы орындауға 2-3 сағат бөлуге болады. Яғни, сіз
бөлген уақытта білім алушылар орындалған жұмысты жүйеге жүктеуі керек.
|