әрбір қатысушысы орындаған жұмыс топтың қалған қатысушыларының есептерінен
көрсетілетін) ЕСЕБІН шеттен алып пайдаланудың бар-жоғына тексереді.
МАҢЫЗДЫ.
Емтихан жұмысын бірегейлікке тексеру.
Оқытушы Антиплагиат жүйесінің есебі негізінде топ басшысы есебінің негізгі бөліктерін
(кіріспе және негізгі бөлімдер, қорытынды және әдебиет) бағалайды.
Содан кейін есептің «Дереккөздері» тізіміндегі тиісті блоктарды өшіру/қосу арқылы
Антиплагиатта есеп қайта есептеледі, әр білім алушының тарауын жеке-жеке шеттен алып
пайдаланудың бар-жоғына талдайды.
Жеке тапсырмалар жағдайында білім алушының есебі шеттен алып пайдаланудың бар-
жоғына толық бағаланады.
МАҢЫЗДЫ.
Оқытушы
жұмыстың өзіндік бірегейлігін (факультет белгілеген білім
алушылардың жұмыстарында шеттен алып пайдаланудың шекті деңгейлерін) ескере
отырып, қорытынды балл қою туралы шешім қабылдайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер толық есеп «Күдікті құжат» ретінде белгіленіп тұрса және сіз
ескерту белгісін көрсеңіз, онда жұмыста техникалық айналып өту (символдарды ауыстыру,
артық символдарды қою, бос орындар және т.б.) жасалды Мұндай жұмыстар толық есепті
талдағаннан кейін жойылуға жатады (4 – қосымша).
2
кезең. АУЫЗША ҚОРҒАУ
Шығармашылық тапсырманы ауызша қорғау осы Нұсқаулықтың «
Кейс-тапсырма»
емтиханын ауызша қорғау ережелеріне сәйкес жүргізіледі
(21-
бет)
.
Осылайша:
1.
Бірінші кезеңнің басталу күні мен уақыты оқытушының таңдауы бойынша белгіленеді;
екінші кезеңнің күні мен уақыты – кестеге сәйкес.
2.
Білім алушылар мен оқытушы емтихан күні мен уақытын білуі керек.
3.
Шығармашылық тапсырмаларды жүктеу мерзімі оқытушының қалауы бойынша.
Оқытушының өзі білім алушылар үшін анықтайтын жұмыс мерзіміне байланысты.
4.
Білім алушыларға тапсырмаларды қайда жүктегеніңізді және жауапты орындау мен жіберу
үшін қандай мерзімдерді анықтағаныңызды хабарлаңыз.
5.
Білім алушылар жұмыс қорытындысын оқытушы жоспарлаған уақыт ішінде жүйеге
жүктеуі тиіс.
6.
Жұмысты шеттен алып пайдалануға (түпнұсқалыққа) тексеру – міндетті шарт болып
табылады.
7.
Білім алушылардың өтініші бойынша мерзімдерді өзгертуге тыйым салынады. Жүйе
өзгерістерді тіркеп отырады.
8.
Емтихан кестесі бойынша білім алушылар екінші кезеңге – орындалған жұмыстарды
ауызша қорғауға шығады.
9.
Емтихан тізімдемесіне қойылатын емтихан үшін қорытынды балл емтиханның 1 және 2
кезеңдері үшін балл сомасы тең болуы керек.
|