НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ.
Тестілеуден сапалы өту мақсатында және техникалық
проблемаларды болдырмау үшін білім алушыларға
емтихан тапсыру үшін дербес
компьютерді, ноутбукті, моноблокты пайдалану ұсынылады.
Егер қорытынды бақылауды жүргізу үшін оқытушы тестілеу нысанын таңдаса, ол
теориялық оқыту кезеңінде студенттерді әдістемелік, техникалық және психологиялық
тұрғыдан қорытынды бақылауға дайындау үшін таңдалған платформада тестілеу түрінде 1-
2 жиынтық бағалау жүргізуге міндетті.
МАҢЫЗДЫ. Қорытынды бақылаудың тестілік тапсырмасында теориялық оқыту
кезеңінде жиынтық бағалауға арналған тест тапсырмаларын
қайталауға қатаң тыйым
салынады.
Теориялық оқыту және қорытынды бақылау кезеңінде жиынтық бағалау үшін
оқытушы Moodle ҚОЖ тест тапсырмаларына сұрақтарға дұрыс және бұрыс жауаптар үшін
түсініктемелер қосады, сонда студент өз жауабының неліктен дұрыс немесе бұрыс екенін
түсінеді.
Егер қорытынды бақылау нысаны-тестілеу таңдалса, оқытушы сессия басталғанға
дейін, білім алушылардың қорытынды бақылауға техникалық дайындығын тестілік тексеру
кезеңінде топтың барлық білім алушыларының прокторинг жүйесін пайдалана отырып,
сынақтық тестілеуден өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Емтихандық
тестілеу
университеттің
ресми
ақпараттық-білім
беру
платформаларында ғана өткізіледі: Univer АЖ-да немесе MOODLE ҚОЖ-да.
Емтихандық тестілеуді сыртқы сервистерде (Google / Microsoft Forms, Kahoot, Quizzlet
және т.б.) өткізуге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Сыртқы қызметтерді ағымдағы сабақтар
кезінде пайдалануға болады, бірақ емтихан үшін емес.
Тестілеуден өтуді бақылау – онлайн прокторинг.
Прокторинг технологиясы (ағылш. «proctor» – емтиханның барысын бақылау).
Прокторлар аудиториядағы әдеттегі емтихан сияқты, емтихан тапсырушылардың
сынақтардан адал өтуін: тапсырмаларды өздері орындауын және қосымша материалдарды
пайдаланбауын бақылайды. Нақты уақыттағы онлайн емтиханды веб-камера арқылы
маман (күндізгі прокторинг) да, сынақтан өтушінің жұмыс үстелін, кадрдағы адамдардың
санын, сыртқы дыбыстарды немесе дауыстарды, тіпті көздің қимылын басқаратын
бағдарлама (кибер-прокторинг) да қадағалай алады. Әдетте прокторингтің аралас түрі жиі
қолданылады: бағдарлама ескертулері бойынша адам емтиханның бейнежазбасын қосымша
қарайды және бұзушылықтар орын алды ма, жоқ па, соны анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |