Оқу жылының күзгі семестрінің сессиясы кезінде қорытынды бақылау (емтихан) өткізу формаларының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет52/90
Дата23.12.2023
өлшемі3.09 Mb.
#487765
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   90
Қорытынды бақылауды жүргізуге арналған нұсқаулық 2023-2024 күзгі семестр (1)

Жаңа сұрақ жасау»). Сұрақтар саны (категория атауының сол жағындағы 
жақшада көрсетіледі) банктегі сұрақтардың жалпы санына және Категориялар санына 
байланысты болады. Мысалы, 100 сұрақ – бұл бір категориядағы 20 сұрақ бойынша 5 
категория. 
МАҢЫЗДЫ!
Категориялардағы сұрақтар саны шамамен бірдей болуы керек. 
Мысалы, сұрақ банкінде 
100 сұрақ болған жағдайда – бұл бір категорияда 25 сұрақтан 4 
категория. 
Ескерту. Егер сіз бұрын сұрақтар банкін категорияларға бөлместен толтырған болсаңыз, 
онда сұрақтарды бөлу үшін Сіз бір типті сұрақтарды белгілеуіңіз керек (чекбокс қою) және 
беттің төменгі жағына өтіп, тиісті категорияны көрсете отырып, «Жылжытуды» 
таңдауыңыз керек.
Ескерту. Тестіңіздің дұрыс жұмыс істеуі үшін әр категорияда кемінде 10 сұрақ болуы 
керек. 


46 
3.5. Сұрақтардың барлық категорияларын толтырғаннан кейін «Тест» элементіне оралып, 
«
Сұрақ қосуды» таңдаңыз. 
3.6. Ашылған тест парағында «Қосу» – «Кездейсоқ сұрақты» таңдаңыз 
3.7. Жүйемен кездейсоқ таңдалып, білім алушыларға тестке қосылатын сұрақтардың 
категориясы мен санын таңдаңыз. Тестке сұрақтар қосу үшін «
Кездейсоқ сұрақ қосу» 
түймесін басыңыз. 


47 
Осы қадамды әрбір сіздің категория үшін, нәтижесінде тестте категориялар бойынша тең 
бөлінген 25 сұрақ болатындай етіп қайталаңыз (мысалы, 4 категория үшін: 6 – бірінші 
категориядан, 7 – екінші категориядан, 7 – үшінші, 5 – төртінші категориядан). Тесттегі 
сұрақтардың ағымдағы саны сол жақ жоғарғы бұрышта көрсетіледі. 
3.8. Дұрыс жауап үшін балл санын өңдеңіз – балл терезесінің оң жағындағы қарындаш 
таңбасын шертіңіз, 4 балл қойыңыз (әр сұрақ үшін). Өзгерістерді сақтау үшін «Enter» 
батырмасын басыңыз. 
3.9. Қорытынды балл өрісінде 100 балл көрсетілгеніне көз жеткізіңіз (қате болған жағдайда 
- 2.8-
қадамды қайталаңыз). Максималды бағалау өрісіне 100 орнатыңыз және «сақтау» 
батырмасын басыңыз 
Техникалық қиындықтар туындаған жағдайда АжЦИК қызметкерлерімен жедел желідегі 
телефондар арқылы хабарласыңыз. 


48 
4. 
Мессенджер чатында білім алушыларға «Қорытынды емтиханды өткізу ережелерімен» 
қандай жүйеде таныса алатындығын хабарлаңыз: Univer АЖ-да немесе Moodle ҚОЖ-да. 
5. 
Чаттағы әр білім алушыдан кесте, ережелер, прокторинг нұсқауларының талаптарымен 
танысқанын растауды сұраңыз. 
6. 
Кесте бойынша жоспарланған күні білім алушыларға емтихан туралы ескертіңіз.
7. 
Тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін білім алушылардың нәтижелері туралы есепті 
бағалаңыз және баллдарды аттестаттау тізіміне сақтаңыз. 
− 
Univer АЖ-да – қойылған балл автоматты түрде емтихан тізімдемесі көшіріледі. 
Сақтамас бұрын, барлық білім алушылардың балы қойылғанын мұқият тексеріңіз. 
Баллдардың толтырылуын тексермей тізімдемені сақтамаңыз! 
Тексерілген тізімдемені 
сақтаңыз. 
Moodle 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет