Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін


Баға жасалудың тәртібі мен әдістері



Pdf көрінісі
бет50/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
treatise63052

 
Баға жасалудың тәртібі мен әдістері 
Нарықтық бағалар функциялары мен оларға әсер ететін факторларға орай белгілі 
принциптердің негізінде сұраныс пен ұсыныстың әсерімен құрылады: 
1. Тұтынушылар (төлеуге қабілеттік принципі). 
2. Бәсекелестер (сапа және баға). 
3. Мемлекет (салықтық саясатты жүргізу арқылы бағаларды реттеу). 
4. Тауар қозғалысының арналары (әр түрлі арналар бойынша өнімді өткізу 
шарттары). 
5. Өндіруші (шығындар – өндірушідегі өнімнің толық өзіндік құны). 
Әзірленген концепцияға сәйкес баға жасалудың мынадай тәртібі қабылданады: 
1. Мақсатты таңдау. Бұл кезеңде баға жасалудың мақсаттары қалыптасады: нарықты 
жаулап алу – пайданың максимумын қамтамасыз ету; өміршеңдікті қамтамасыз ету 
пайданың минимумын алу, ең болмаса, маржиналдық табысты алу. 
Маржиналдық табыс – тұрақты шығыстар мен пайданың қосындысы. 
2. Сұранысты анықтау – ол өнімнің өткізілімін өміршеңдік деңгейінен төмен емес 
қамтамасыз ету мен нарықты ұстап қалу және өнімнің бәсекеге қабілеттігін 
арттыру арқылы пайданы максимизациялаумен байланысты. 


3. Өндіріс шығындарын талдау – сатылу көлеміне байланысты тұрақты және 
айнымалы шығындардың ара қатынасын, маржиналдық табыс пен пайданың 
мөлшерін анықтау мақсатында. 
4. Бәсекелестердің бағаларын талдау. Мұнда нарықты өткізілетін, өзін өндіретін 
және бәсекелестің өнімінің бәсекеге қабілеттігі (сапа және баға) салыстырылады. 
5. Баға жасалудың әдісі таңдалады. 
6. Бағаны орнату – мұның үш нұсқасы бар: 
1) Өнімнің толық өзіндік құнына байланысты шығындық әдіспен анықталатын 
минималдық деңгей. 
2) Сұраныс пен ұсынысқа тәуелді максималдық деңгей. 
3) Өнімнің бағасы пайданың қажетті нормасын қамтамасыз еткендегі оңтайлы 
болжалды деңгей. 
Бағаны орнату әдісін таңдау баға саясатына байланысты. Баға жасалудың саясаты 
өз кезегінде нарықтың түріне тәуелді: таза бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке 
нарығы, олигополиялық нарық, таза монополия нарығы. 
Практикада нарықтың түріне қарай бағаны орнатудың келесі әдістері 
қолданылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет