Капиталдық салынымдардың (КС) тиімділігін жоғарлату дегеніміз үлес
капитал салынымдарын, яғни өнімнің қор сиымдылығын азайту, құрылыс мерзімдерін
қысқарту және жаңа техниканы енгізу.
Құрамы бойынша КС келесі түрлерін ажыратады:
1) Жаңа құрылыс пен жұмыс істейтін объектілерді қайта құру арқылы ғимараттар мен
құрылыстарға КС.
2) Жабдықтауға КС: жабдықтаудың және тиеу-түсіру техникалық құралдарының
құны, тасымалдау, жөндеу, жаңарту құны.
3) Құрал-саймандар мен инвентарьға КС.
4) Материалдар, отын мен құрастырғыш бұйымдардың запастарына КС.
5) Бөлшектердің, шала фабрикаттар мен аяқталмаған өндірістің запастарына КС.
Осы құрамы бойынша объектілерге КС құрылымы олардың сметалық құн
бойынша жалпы сомасындағы КС жеке түрлерінің үлес салмағы бойынша анықталады.
Келесі түрлері ажыратылады:
- технологиялық (машина жасау өнеркәсібінде ғимараттар мен құрылыстарға КС –
40%, жабдықтауға – 45-50%);
- ұдайы өндірістік (жаңа құрылыс пен кеңейтуге – 40%, қайта құру ме техникалық
қайта қаруландыруға – 35%);
- салалық (кен өндіруші өнеркәсіпке – 90%-ға дейін).
КС негізгі өндірістік қорларға, нормаланатын айналыс қорларына, еңбек
ресурстарына, ҒЗТКЖ-на, өндіріске, өнімді пайдалануға, инфрақұрылымға, қоршаған
ортаны қорғауға, жаңа объектілерге, қолда бар ресурстарға салынады. КС бюджеттен,
амортизация мен пайдадан, несие және акционерлердің қаражаттары арқылы жасалады.
Көлеміне қарай КС сомалық және қосымша болады.
Сомалық КС бірнеше әдіспен анықталады:
1. КС бүкіл құрамын сомалау әдісі, яғни жалпы (сомалық) КС белгілі объектіге
салынған барлық салынымдардың құнын сомалау арқылы анықталады.
2. Тура шот әдісі кезінде үлес капитал салынымдар анықталады да, сомалық КС
объектінің өндірістік қуатына байланысты болады:
К =Кс·Қө,
мұнда: Кс – капитал сиымдылығы;
Қө - өндірістік қуат.
3. Объектінің өндірістік қуаты ұлғайған сайын үлес капитал салынымдарын азайту
коэффициентін (Кс∆Қө) ескеретін іріленген әдістер:
|