Лексикология билетт


 Көңіл күйінен шығып, көңілге күй түсіретін сөздер



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
лексикология билетт

15. Көңіл күйінен шығып, көңілге күй түсіретін сөздер 


Эмоционалды – экспрессивті сөздердің мағынасы. 
Эмоционалды сөздер «Эмоционалдық» - (лат. Emovere – еліктіру, 
толқыту) фр. emotion – қоршаған болмысқа деген адамның əртүрлі 
көңіл-күйі, сезімі, əсері. Эмоциялық өң беретін лексика ұнату мен 
ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен 
батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы, уайым, зарығу т. б. көптеген 
мағыналардың қолданылуы. 
Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, 
көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік 
т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың əсерлілігін 
арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер 
көбінесе көркем əдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз 
стилінде жұмсалады. Ғылыми жəне ресми-іскери стильде сирек 
қолданылады. Экспрессивтік бояу əр стильде əр түрлі болып келеді. 
Экспрессивтік бояу – жеке сөздерде де, фразеологиялық орамдарда 
да, синтаксистік құрылымдарда да кездеседі. Кей жағдайда тілдегі 
қосымшалардың да экспрессивтік реңкі болуы мүмкін. Тəуелдік 
жалғаудың екінші, үшінші жақтарының қолданылу ерекшеліктеріне 
қарай, құрметтеу, силау, мысқылдау, кекету, қомсыну сияқты 
қосымша əр қилы экспрессивтік реңк береді. 
Тіліміздегі кейбір жұрнақтар силау, құрметтеу, еркелету, қомсыну, 
кекету мағыналарын береді: əкетай, ағажан, Мəке, Секе, апай, ағай, 
ағайынсымақ, туыссымақ т.б. Мұндай сөздер ойды жеткізуде əрі 
əсерлі, əрі бейнелегіштік, мəнерлегіштік қасиетімен көзге түседі. 
Тіл біліміндегі эмоционалды сөздер деп аталатын сөздер тобы 
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде ерекше қолданысқа 
ие болады. Сол себептен олар ауызекі сөйлеу тілі мен көркем əдеби 
шығармалар тілінде көрініс табады. 
Эмотив сөздер мен экспрессив сөз-дердің ортақ жəне айырым 
белгілері бар. Нақтырақ айтқанда, олардың ортақ белгі-лері ретінде, 
эмотивтің де, экспрессивтің де негізінде эмоция жатады. Ал айырым 
белгілері ретінде, біріншіден, олардың білдіретін мағынасынан 
көрінеді: эмотив сөздер еліктіру, толқытуды берсе, экспрес-сив 
сөздерде көркемдік, мəнерлілік болады. Екіншіден, тілдік деңгейі: 
эмотив сөздер сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі болса, 
экспрессив сөздер тіл бірліктерінің семантикалық-стилистикалық 
белгілерінің жинақталған түрі болады. Үшіншіден, тілдік қызметі: 


эмотив сөздер қоршаған ақиқат болмысқа деген адамның əртүрлі 
көңіл-күйін, сезімін, əсерін білдіреді, экс-прессив сөздер сөйлеп 
тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға деген 
өзіндік көзқарасы мен қатынасын тілдің көркемдегіш құралдары 
арқылы бейнелейді. Төртіншіден, тілдік құралдары: эмотивтілік 
эмоциялық өң берілген лексика арқылы, ал экспрессивтілік тілдің 
барлық категориялары арқылы білдіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет