Жәңгір ханның шығу тегі


Жәңгір мен Махамбетті қарсы қою отаршылық



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата25.12.2023
өлшемі1.31 Mb.
#487919
1   2   3   4   5   6
zhangir han

Жәңгір мен Махамбетті қарсы қою отаршылық
идеологиясы
• Халық аузында Жәңгір мен Махамбет сөзталасында 
ханның: «Менің алдым жалын, артым өрт», – деген сөзі 
қалды. Шынында да, Жәңгір ханның тағдыры орыс 
патшасының колониялық саясаты мен көшпенді халқын 
цивилизацияға жеткізуге реформаторлық қызмет еткен 
ханды түсінбеген ру басшылары мен қарапайым халықтың 
трагедиясының ортасында өтті. 

Бұл жөнінде Н.Макиавелли «Реформатордың ісі –
нәтиже бермейтін ең қиын қызмет. Себебі, қоғамда 
қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысқан көпшілік 
оған қарсылық көрсетеді. Ал, оны түсінген аз топтың өзі, 
оған белсенді көмек беруі екіталай, себебі олар да істің оң 
бітуіне сене бермейді» деген екен. Жәңгір мен 
Махамбеттің арақатынасы екі ғасырдан бері шешімін таба 
алмай келе жатыр. Бұл күрделі мәселенің бірнеше 
себептері бар.



Біріншіден, көтеріліс басшылары Исатай мен 
Махамбет ханның істеген мәдени, рухани, 
экономикалық, білім ағарту саясатындағы 
реформаторлық істерін түсінбегендердің қатарына 
жатады. Ханның еңбегін тек олар ғана емес, 
халықтың 98%-ы түсінбеуі мүмкін. Хан халқын 
көшпенділіктен отырықшылыққа үйрете бастады. 
Себебі, көшіп жүрген елде жүйелі білім және 
қалыптасқан дін болуы мүмкін емес. Ондай ел 
мешіт тұрғызбайды, мектеп, университет 
салмайды. Яғни халықтың өркендеуі мүмкін емес 
еді. Халықты отырықшылыққа бейімдеу – оның 
қалыптасқан тұрмыс-салтын бұзу еді. Әрине, бұл 
көпшіліктің наразылығын туғызды.


Екіншіден, ел басқару жүйесінде хан бұрынғыша атаға, руға 
емес әкімшілікке бөліп басқарады және басқаруға 
бұрынғыдай ру басшылары емес, хан сайлаған сұлтандар 
отырды. Бұл әрине Исатай сияқты ру басшыларына ұнамады.


Үшіншіден, Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің 
негізгі себептерінің бірі, салықтың көбеюі мен 
жайылымдық жердің тарылуы еді. Жайылымдық жердің 
тарылуы Бөкейдің кезінен шешімін таппай келе жатқан 
мәселе болатын. Павел патша қазаққа қалған жайылымды 
беремін дегенмен, оның орнына келгендер жер мәселесін 
шешпей қойды. Бөкей Ордасындағы ең құнарлы жерлер –
Жайық бойындағы шекара комиссиясында, үлкен және 
кіші өзендердің бойлары казактардың қолында болды. 
Құнарсыз, құмды жерге ығыстырылған жергілікті халыққа 
жайылымның тарылуы әлеуметтік жағдайды 
шиеленістіріп жіберді.


Төртіншіден, «Салық дегеніміз – цивилизация үшін 
төлейтін ақы» деген екен бір ұлы ғалым. Бөкей 
Ордасындағы қоғамның барлық саласындағы істелген 
жұмыстар белгілі қаржыны талап етеді. Ал, қаржының 
көзі – салықта. Бұрын зекеттен басқа салықты білмейтін 
халыққа әртүрлі салық төлеу және оның қандай мақсатқа 
жұмсалып жатқанын түсініп үлгермеген елдің 
наразылығын туғызды.



Жоғарыда айтылған себептер халық көтерілісінің 
негізгі себептері болды және көтеріліс басшыларының бірі 
Махамбет пен ханның арақатынасының себептері де 
жоғарыдағы әлеуметтік мәселелердің айнасы іспетті. 
Көтерілісшілерді жігерлендірген Махамбет өлеңдері қазақ 
әдебиетінде жаңа сала – саяси-көсемсөздік лириканың 
негізін салды және жалпы әдебиетіміздің алтын қорына 
айналды.

Жәңгір хан мен Махамбет арақатынастарын еске 
алғанда алдымен «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға 
айтқаны», – деген өлеңі еске түседі. Қалай жаман көріп 
балағаттағанмен, өлеңнің мазмұнына үңілсек, ақын 
Жәңгірді қоян мен түлкіге емес, қасқыр мен айдаһар 
жыланға теңейді
.


Ол кезде қасқыр, яғни бөрі болу және айдаһар жылан 
болу – Жәңгірдің жағдайында екінің бірінің қолынан 
келмейтін ерлік. Оны жалынды ақын Махамбет мойындап 
тұр. Махамбеттің олай сипаттауы Жәңгірдің осалдығын 
емес, мықтылығын көрсетеді. Осы теңеулерді оқығаннан 
кейін Жәңгір хан 19 ғасырда емес, бабасы Әбілхайырдың 
уақытында өмір сүрсе, мүмкін халқымыздың соңғы үш 
жүз жылдық тағдыры бақыттырақ болар ма еді деп 
ойлайсың. Махамбет ақынның:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім, –
деген арманы, ол тек Исатай мен Махамбеттің ғана емес, 
Жәңгір хан мен оның әкесі Бөкейдің, кейінгі буын 
Мұқамедсалық пен Шәңгерейлердің, жалпы барлық 
қазақтың арманы.



Жәңгір мен Махамбет ақынды өзара қарсы қою –
отаршылық кезіндегі идеологиялық этикеттен қалған кері 
ұғым. Ондай кертартпа ұғымдар оны тудырған кертартпа 
қоғамның еншісімен қалады.

Қалай болғанда да, Жәңгір хан – өз ғұмырының ішінде 
ұрпақтарына өшпес із қалдырған ұлы мемлекет 
қайраткері. Ол құрған мемлекет басқару жүйесі, оқу-
ағарту саласындағы, дінді дамытудағы, шаруашылық 
саласындағы реформаторлық істері әлі күнге дейін өз 
маңызын жойған жоқ. Мемлекеттану ғылымының негізін 
құраушылардың бірі Ш.Монтеське, «Мемлекет даму үшін 
дін, сауда және бостандық қажет», – деген болатын.

Жәңгір хан басқарған Ішкі Бөкей Ордасында 
мемлекетке қажетті осы атрибуттардың барлығы болды. 
Сондықтан да ХХІ ғасырда құрылған мемлекеттерге Бөкей 
Ордасындағы мемлекет басқару жүйесі, қоғамның барлық 
саласынның дамуы үлгі бола алады
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет